Өңірде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және орман қорын қорғау мәселесі басты назарда. Облыстық әкімдікте оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша іске асырылған жұмыстар мен өткен жылы жүзеге асырылған жұмыстар қорытындыланды.
Шығыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік орман қорының жалпы аумағы 3 млн. гектарды құрайды. Мамандардың айтуынша, орман қорын сақтау мен қорғау – өңірдегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты бағыттарының бірі. Өңірдегі жергілікті атқарушы органның қарауында 13 орман шаруашылығы бар. Бұдан бөлек, комитетке 2 қорық пен 1 ұлттық парк қарайды. 2025 жылғы өрт қаупі жоғары маусым кезеңінде орман қоры аумағында жалпы ауданы 204 гектарды құрайтын 27 өрт тіркелген.
Мерхат Әміров, ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының м.а.:
Ормандарды өрттен қорғауды және мемлекеттік орман күзетінің 1549 адамы жүргізеді. Оның ішінде 1181 адам орман шаруашылықтары және ерекше қорғалатын аймақтардан 413 адам. Мемлекеттік орман күзетінің дайындығында 437 бірлік өртке қарсы техника 4 мыңнан астам өртке қарсы құрал-жабдықтар, басқа да жабдықтармен қамтылған.
Облыста өрт қауіпті кезеңі 13 сәуірден басталды. Өңірде өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында материалдық-техникалық база жыл сайын жаңартылып келеді. Соңғы жылдары жүздеген миллион теңге бөлініп, өрт сөндіру техникалары мен арнайы құрал-жабдықтар сатып алынған. Атап айтқанда, өрт сөндіру қызметіне 41 жаңа арнайы көлік, 47 трактор және 34 шағын орман өртін сөндіру кешені жеткізілген. Бұл өз кезегінде төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Амангелді Еңсегенов, ШҚО ТЖД бастығының орынбасары:
Қазіргі уақытта департамент бөлімшелерінде 1329 қызметкер және 249 техника бірлігі бар, оның ішінде 128 өрт сөндіру автокөлігі, оның 90-ы жол талғамайтын болып табылады.
Департаменттің қарауында өрт қаупі жоғары аймақтарда 9 ұшқышсыз ұшу аппараты бақылау жүргізеді. Операторлар ретінде 13 маман даярланған. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді жою үшін 15 бекет құрылған. Биыл Үлкен Нарын ауданында қосымша 1 өрт сөндіру пунктін ашу жоспарланған.
Аяулым Усинова