Өскеменде аймақтық «WORKSHOP» семинар өтті. Жиында ғылым мен инженерия өнер мен математиканы бір арнаға тоғыстырған «STEAM» технологиясының түрлі тәсілдері көрсетілді. Өйткені дәл осы әдісті бастауыш сыныпқа енгізу арқылы болашақта инновациялық өзгерістерге машықтанған ұрпақ тәрбиеленеді,- дейді мамандар. 60-тан астам мұғалім бас қосқан бұл кездесу тәжірибе алаңына айнала алды ма ? Тілшіміз анықтап көрді.

Бұл семинардың басқа жиыннан бағамы бөлек. Өйткені мұнда «STEAM» бағытын енгізудің-қыр сыры көрсетілді. №47 мектеп ішінде бос кабинет болмады. Әр сыныпта жаңа жобалар, ұтымды әдістер таныстырылды. «Өрлеу» біліктілікті дамыту орталығы өкілдерімен бірлесе өткізілген шараның мақсаты да осы болатын.

Гаухар Жұманова, «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы ШҚОФ директоры:

Жаңа көзқарас қалыптасады және сабақта оқушылардың сыни ойлауы соның ішінде қысылмай сұрақты қоя білулері, өз ойларын жеткізу, қателесуге қайтадан жөндеуге ықпал жасайтыны анық. Сондықтан біз осы шараны ойлаймыз, болашақта осындай алаңда педагогтар өздерінің тәжірибесінде мол құралдар,ресурстар алып кетеді ары қарай.

Цифрлық технология мен жасанды интеллектіге негізделген ашық сабақтар балаларды да баурап алды. Ал көршілес Абай облысынан және шалғайдағы Зайсан, Күршім, Катонқарағай сынды ауданнан келген мұғалімдер мол тәжірибе жинақтады.

Арай Омалиева, бастауыш сынып мұғалімі (Семей қ.):

Мұнда әрбір алған тақырыпта Стим бағыты арқылы жас ұрпақты зерттеу ойлау,сыни ойлауға шығармашыл ұрпақты тәрбиелеп жатқанынна көзіміз жетті.

 «STEAM» бағытын бастауышқа енгізуді мектеп мұғалімдері бұрыннан зерттеп келеді. Себебі бұл заман талабы. Ең бастысы осы айтылған ойлар мен тың идеялар қағазда қалмай, кітапшаға жинақталды.

Еркежан Әбдірахманова, Өскемен қ. №47 мектеп директорының орынбасары:

Атқарылған жұмыстардың барлығы,бүгінгі семинар бағытындағы жұмыстарды біз текке қалдырмай ары қарай барлық мұғалімдер пайдалансын деп бүгінгі күнде бір ерекше сәт болайын деп тұр.Біз мынадай міне жинақ басып шығарды.Сол жинағымыздың тұсауы кесілді, бұны барлық мұғалімдер алып пайдалануға болады.

Семинар барысында қонақтар назарына «Қалдықсыз өмір» атты көрме де ұсынылды. Талай қажетсіз затты кәдеге жаратқан оқушылардың туындылары жиналғандарды таң қалдырмай қоймады.