Өскемен әкімі Алмат Ақышов Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс орталығының көпбалалы аналарымен кездесу өткізді. Қыз-келіншектерді көктем мерекесімен құттықтады. Салтанатты шара жайлы әрі жылы атмосферада өтті. Кездесу барысында әйелдер өз өмір жолдары туралы әңгімелеп, облыс орталығының басшысымен өздерін толғандырған мәселелерді талқылады.

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс орталығының басшысы көпбалалы аналарды құттықтады. Бейресми жағдайда олар әлеуметтік қолдау және отбасылардың әл-ауқатын жақсарту мәселелерін талқылады.

Әмина Құрманжанқызы, Өскемен қ. әкімінің баспасөз хатшысы:

Көп балалы аналар бұл қоғамымыздағы маңызды күштердің бірі. Себебі, баланың тәрбиесі, мектептегі, қоғамдағы, барлық жердегі тәрбие сол кісілердің арқасында жүріп жатқандықтан қала әкімі бүгін ерекше құрметпен ол кісілерді құттықтап, жеке қабылдау өткізді. Сұрақтарын тыңдады. Көтерілген мәселелерге жауап айтты.

Қарақат Жанкенова, көпбалалы ана:

6 баланың анасы, күміс алқа иегерімін. Бүгін ерекше бір тамаша құттықтауға келіп қалдық. Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышев құттықтап жатыр. Көпбалалы аналарға ерекше көңіл бөліп, бүгін бір тамаша сезімде тұрмыз. Көп көп рахмет.

Кездесу соңында қала әкімі көпбалалы аналарға зор денсаулық, амандық және отбасылық бақыт тілеп, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі маңызды еңбектері үшін алғыс білдірді.

Салтанат Кеңесбекқызы