Өскеменде кёкушинкай-кан каратеден облыс чемпионаты өтті. Жарысқа 4-16 жас аралығындағы жас спортшылар қатысты. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатындағы дода жайлы әріптесім тарқатады.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов жарыстың салтанатты ашылуына арнайы қатысып, спорттың жастар тәрбиесіндегі рөлін атап өтті. Бұдан бөлек, шығыстың намысын қорғап жүрген жас өрендерге алдағы халықаралық додаларда сәттілік тіледі.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Президентіміздің тапсырмалары аясында біз бұқаралық спорт түрлерін дамыту аясында жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі жарыс балаларымыздың болашақта үлкен спортшылар шығатына алғашқы қадам. Сондықтан ата-аналарға, бапкерлерге көп алғысымызды айтамыз.
Жарыста 300-ге жуық жас спортшы татамиге шығып, өзара кім мықтыны анықтады.
Әліби Қанқожаев, аға жаттықтырушы:
4,5,6,7 жас аралығында өте қызықты өтеді. Енді бірінші рет татамиге шығып отыр төрт жастағы балалар, өзін көрсетіп жатыр, ерекше өнер көрсетіп отыр.
Додаға қатысушылар үлкен дайындықпен келген. Себебі, олар халықаралық жарыста өнер көрсетіп, өз шеберлігін дәлелдегісі келеді.
Қайсар Жеңісхан, жарысқа қатысушы:
Мен Абай облысынан келгенмін, жасым 13 те. Жарысқа жақсы дайындықпен келдім. Әр қарсыластарымды жеңуге тырысамын.
Облыстық чемпионаттың жеңімпаздары сәуір айында Ақтөбедегі республикалық біріншілікте өнер көрсетеді. Ал, егер одан жеңімпаз атанса, Бішкек қаласында өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.
Бекарыс Секен