Ұлан ауданында Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты мереке өтті. Мәдениет үйінде ұйымдастырылан шараға ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына зор үлес қосып жүрген түрлі сала мамандары жиналды.
Шараға қатысушыларға жылы лебіздер мен құттықтаулар айтылды. Түрлі салада қызмет етіп жүрген әйелдер қауымы ауданның даму жолында аянбай еңбек етіп, тер төгуде. Олар отбасының ғана емес, қоғамның да тірегі.
Арман Бекбосынов, Ұлан ауданының әкімі:
Сұлулық пен мейірімділіктің символы айналған шуақты мереке. Халқымыз ежелден анасын ардақтап, көптеген аналарымыздың есімі төл тарихымызда алтын әріппен жазылған. Қазіргі таңда елімізде әйелдер қауымы түрлі салада ғылымда, өнерде бизнесте қоғамдық қызметте зор табысқа жетіп жүр.
Салтанатты шарада қоғамға өз үлесін қосып, еңбек етіп жүрген әйелдер марапатталды.
Гүлдариға Мұхамадиева, Ұлан ауданы әкімі аппаратының кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының инспекторы:
Таң атқаннан бері біз ер адамдардың құттықтауына бөленіп, өте жақсы көтеріңкі көңіл күйдеміз. Осы мерекеге қарсы Ұлан ауданының аналарына, сіңілдеріме барлықтарына денсаулық , отбасыларына бақыт тілеймін.
Мереке күні сахна төрінде айтылған ақжарма тілектерден бөлек, шараға жиналған қауым өзара пікір алмасып, бір – біріне құрмет көрсетті. Бүгінде әйелдер әртүрлі салада жетістікке жетіп жүр. Олар мемлекеттік мекемелерде, қауіпсіздік қызметтерінде және құтқару бөлімшелерінде бой көрсетіп, ең қиын жұмыстарды сәтті атқаруда.
Мадина Тұрарова, Ұлан аудандық ТЖБ аға инженері:
Шара Ұлан ауданы әкімдігінің бастамашылығымен Ұлан ауданындағы әйел қауымын құттықтау, бізге деген ізгі тілек тілеп жатыр. Құттықтап, марапаттау үшін келіп тұрмыз. Осындай шаралар ұйымдастырып бізге көңіл бөліп жатқан әкімдігіне көп рахмет айтамыз. Менің ұжымымда аудан бойынша 105 адам жұмыс жасаса соның 5 адамы әйел адамдар жұмыс жасайды бізде.
Мерекелік жиын концерттік бағдарламаға ұласты. Ауданның шығармашылық ұжымдары өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Гүлдана Айдарқызы