Шығыс Қазақстан облыстық сотында сот жүйесінің дамуына күн сайын елеулі үлес қосып жүрген көптеген әйелдер — судьялар, хатшылар және мамандар еңбек етеді. Солардың бірі — Анжелика Володкина. Оның кәсіби жолы 30 жыл бұрын басталған. Осы жылдар бойы судья тараптарға әділ шешім табуға көмектесіп, тіпті ең күрделі дауларды да табысты шешуге ықпал етіп келеді.

Анжелика Владимировна сот жүйесіне өмірінің 30 жылын арнады. 19 жыл судья болып еңбек етіп келе жатқан ол ай сайын шамамен 20 істі қарайды. Сонымен қатар, судья-татуластырушы ретінде де қызметін табысты атқарып, тараптардың бір-бірін тыңдауына, өзара түсіністікке келуіне және дауларды бейбіт жолмен реттеуіне көмектеседі.

Анжелика Володкина, ШҚО сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы:

Істерді дайындауға уақытымның белгілі бір бөлігін бөлемін. Уақыттың тағы бір бөлігі сот процестеріне қатысуға жұмсалады. Сот отырыстарының арасында медиация рәсімдері де өткізіледі, кейде олар едәуір уақыт алады. Яғни бұл жарты сағат немесе 15 минут емес — шығып, қысқаша әңгімелесіп, бірден аяқталатын нәрсе емес. Кейде біз 2–3 сағаттан бірнеше рет кездесеміз. Бұл уақытты да алдын ала жоспарлау қажет. Бізде арнайы кесте бар, сол кестеге мұның барлығын енгіземіз. Бұдан бөлек, қоғамдық жұмыстармен де айналысамыз. Сондықтан жұмыс кестесі апта бойына минутына дейін нақты жоспарланып қойылады, кейде тіпті екі ай бұрын жасалып қояды.

Анжелика Владимировнаның алғашқы қараған ісі еңбек дауы бойынша болды. Бұл санаттағы істер ең күрделі болып саналады. Бүгінде ол жеке қарау мен алқалы жұмыс тәсілдерін қатар үйлестіріп келеді. Істердің бір бөлігін өзі жеке, ал бір бөлігін соттың үш судьядан тұратын алқалы құрамында қарайды.

Анара Танекенова, ШҚО сотының судьясы:

Анжелика Владимировнамен біз облыстық сотқа іс жүзінде бір мезгілде, 2016 жылы келдік. Содан бері бірнеше жыл бойы алқалы құрамда бірге жұмыс істеп келеміз. Жалпы, судья әрі кәсіби маман ретінде Анжелика Владимировнаны ең алдымен әріптес тұрғысынан сипаттағым келеді. Ол — өз ісінің кәсіби маманы, әрдайым кеңес беруге дайын адам. Оның кеңесі тек жоғары тұрған сот сатыларының судьяларына ғана емес, облыстық соттың судьяларына да пайдалы.

Ұжымда Анжелика Владимировна үлкен құрметке ие. Әріптестері оның кәсібилігі мен мол тәжірибесін жоғары бағалайды.

Дулат Салатов, ШҚО сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:

Азаматтық сот ісін жүргізудің негізгі міндеті — бұзылған құқықтар мен мүдделерді қалпына келтіру, сондай-ақ дауларды бейбіт жолмен реттеуге ықпал ету. Біздің сотта Анжелика Владимировна татуластырушы судья болып табылады, және осы бағытта ол өте жоғары көрсеткіштер көрсетіп келеді. Әрине, бұл — коммуникативтік дағдылары өте жоғары адам деп айтуға болады.

Анжелика Владимировна сондай-ақ сот жүйесіндегі еңбек жолын енді бастағандарға тәлімгер. Ол жас мамандарға сот жұмысының қыр-сырын меңгеруге көмектесіп, қызметтің алғашқы кезеңдерінде оларға қолдау көрсетеді.

Ксения Кононова, ШҚО сотының сот отырысының бас маман-хатшысы:

Анжелика Владимировнаны мен 13 жылдан бері білемін, сот жүйесіне алғаш келген күннен бастап. Сол уақыттан бері оған деген құрметім тек артып келеді. Кез келген мәселе бойынша онымен кеңесуге болады. Ол әрдайым ақыл кеңес береді, қолдау көрсетеді және дұрыс бағыт көрсетеді.

Анжелика Володкина оның жұмысы әрдайым адамдарға көмектесу екендігін мойындайды. Сондықтан ол қараған әр іс — әділ шешім табуды талап ететіндігін жақсы түсінеді.

Салтанат Кеңесбекқызы