Облыс орталығындағы мектепдерде республикалық көшет отырғызу челленджі ұйымдастырылды. Игі шара «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы мен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткізілді.

«Таза Қазақстан» акциясы жаңа серпінмен жалғасуда. Алғашқы экологиялық шара №50 жалпы білім беретін мектебінде өтті. Мектеп ұжымы мен түлектер қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаға белсене атсалысты.

Айгерім Алмабаева, ШҚО ББ «Өркен» өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми- әдістемелік орталығының әдіскері:

Осы челленджге біздің облыстың 347 білім беру ұйымдары қатысты. Челлендж аясында 5205 ағаш отырғызылды. Көшеттер, шыршалар, қарағайлар сияқты түрлі әр білім беру ұйымдарында 10-15 түптен отырғызылды.

Шара барысында мектеп түлектері табиғатты аялау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтіп, ұстаздарына алғыстарын білдірді.

Ерасыл Мұратұлы, мектеп оқушысы:

Осы №50 мектептің түлегіміз. Бүгін міне мектебіміздің тарихына белгі қалдырып, өзімізден кейінгі ұрпақтарға, бізден кейінгі оқушыларға із қалдырып, ағаш егіп жатырмыз. Ағаш отырғызу – мен үшін өте әсерлі сәт болды.

Игі бастама №24 орта мектебінде жалғасын тапты. Мұнда да оқушылар мен ұстаздар бірлесіп, ағаш отырғызу акциясына белсенді қатысты.

Мавлудахон Тургунова, мектеп оқушысы:

Біз бұл ағаштарды отырғыза отырып, осы мектебімізге бір бөлшегімізді қалдырып жатқандаймыз. Осы ағаштар сияқты алдығы ұмтылып, өркендей берейік.

Экологиялық мәдениетті ту еткен түлектер табиғатты көркейту бағытындағы жұмыстарға үнемі қатысады.

Самға Қасенова, Өскемен қ. №24 орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі:

Біздің биылғы түлеп ұшып жатқан төрт сыныбымыз мектеп ауласына 20 ағаш отырғызуда. Ағаш отырғызу үрдісі жылдағыдай өтіп жатыр. Түлектердің артына қалдырған іздері, қуаныштымыз.

Мұндай экологиялық бастамалар жас ұрпақтың табиғатты аялауға деген жауапкершілігін арттырып, туған жерге деген сезімін оятады.

Фатима Тілейханқызы