Өскемендік тұрғын ауласынан жылыжай салып, алтыншы жыл қатарынан гүл саудасын жүргізіп отыр. Қазір оның шағын бақшасында голланд қызғалдақтарының 20-дан астам түрі өсіріледі. Жоғары сұранысқа ие гүлдердің күтімі жайлы әріптесім тарқатады.

Владислав Мальцев өз саяжайында қызғалдақ өсіріп, сүйікті ісін кәсіпке айналдырып отыр. Гүлдердің тұқымын Голландиядан алдырады. Әр қызғалдақты жерсіндіру үшін суару технологиясына баса мән беріп, температураның өзін ғылыми дәлдікпен қояды.

Владислав Мальцев, кәсіпкер:

Мен бала күнімнен гүл өсіруді армандадым. Бұл кәсіппен атам да кезінде айналысқан. Басында 2-3 мың ғана гүл егетінбіз. Қазір жыл сайын көлемін ұлғайтып келеміз, сұраныс жоғары. Биыл жаңа технологияларды енгізіп жатырмыз. Алғаш рет гидропоника әдісін қолданып көрдік, соның арқасында гүлдердің сапасы жақсарды.

Гүлді баптап өсіру оңай шаруа емес. Мысалы, бір гектар жерге 200 келіден астам тыңайтқыш қажет.

Владислав Мальцев, кәсіпкер:

Маған гүлдердің өсіп-жетілгенін көру ұнайды. Тұқымнан бастап толық ашылған гүлге дейінгі процесті күн сайын бақылап отырамын. Табиғаттың осындай құдіретін көргенде, еріксіз таңданасың.

Алдағы уақытта Владислав Мальцев жылыжай аумағын кеңейтіп, жеке гүл дүкенін ашуды жоспарлап отыр.

Бекарыс Секен