Облыс орталығында ұстаздарға арналған семинар ұйымдастырылды. Шара Ахмет Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектеп қабырғасында «Lesson Study негізінде мұғалімдер мен оқушылардың белсенділігін тиімді ұйымдастыру: мектеп менеджментіндегі басқару тетіктері» атты тақырыппен өтті. Басқосуға «Örken» өңірлік ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы мен облыстық білім беру ұйымдары мұрындық болды. Аталмыш семинарға өңірдің түкпір-түкпірінен келген педагогтер қатысты.
Семинардың мақсаты – мұғалімнің басқарушылық қабілетін шыңдап, оқушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған. Шарада педагогтер өз ара тәжірибе алмасты. Білім беру сапасын арттыруға мән беріп, әдіс – тәсілдерді меңгерді.
Динара Кәкетаева, ШҚО ББ «Örken» өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері:
Lesson Study тәсілі өте көп нәтиже беруде. Өйткені, біздің оқушыларымыз қазіргі таңда интернет, мобильді телефон болғандықтан көп дағды қалыптаспаған. Көбі телефонда отырады. Сондықтан, оларды сөйлету, бір-бірімен әңгіме қалыптасыру мақсатында тілдік мәдениетті дамыту мақсатында осы Lesson Study әдісі қолданылуда.
Облыс мамандары бұған дейін Бішкекте өткен халықаралық семинарға қатысқан болатын. Шара барысында өздері қолданып жүрген дағдыларымен бөлісіп, білім саласына қатысты әзірлемелерін таныстырған.
Майра Жағықпанова, Ш.Уәлиханов атындағы № 3 мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Өте қуаныштымын. Үнемі мектеп - лицей 13 жылдан бері осы сабақты зерттеумен айналысамыз. Жуықта Бішкек қаласында ұйымдастырылған халықаралық конференцияда тәжірибемен бөлістік. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін байқадым, оқушылардың білім сапасасының жақсарғанын байқадым. Бірнеше әріптес тәжірибесімен бөлісті. Ризамын.
Семинар барысында қатысушылар төрт тақырыптық алаңға бөлінді. Қызықты форматта түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, мектеп тәжірибесіне Lesson Study тәсілін енгізудің нақты жолдары қарастырылды.
Қарлығаш Бұрынбетова, Өскемен қ. Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының жаттықтырушысы:
Семинардың мақсатының бірі – педагогикалық ортада зерттеу мәдениетін қалыптастыру. Сабақты зерттеу әдісі бұл демократиялық әдіс. Өйткені мұны әрбір мемлекетте әрбір мектепте өздерінің мектептің туындаған проблемасын шешуге байланысты қолданады. Ал 20 мектепте осы ұжымның 70-80 пайызы қатысып, осындай зерттеу жұмысымен айналысып жатыр. Бұл дегеніміз әрбір мұғалім өзінің тәжірибесін зерттеп, білім беру саласында педагогика саласындағы туындаған мәселелерді мектеп ішінде өз тарапынан шеше алады деген үміт, бұл өз жемісін беріп жатыр.
Енді педагогтер оқыту сапасын арттырудың тиімді тәсілдерін пайдалана отырып, алған тәжірибесін өз жұмыстарында қолданатын болады.
Гүлдана Айдарқызы