Өскеменде Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында Этномәдени бірлестік өкілдері дәстүрлі садақ атудан сайысқа түсті. Додаға түскен қатысушылар шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, көне дәстүрлерді жаңғыртып, береке мен бірліктің маңызын дәріптеді.

Садақпен аң аулау – көптеген этностарға тән ежелгі кәсіп түрлерінің бірі. Бүгінде бұл дәстүр жаңаша сипат алып, ұлттық мұраны сақтап, оны келер ұрпаққа насихаттайтын спорт түріне айналды. Жарыста сынға түскен әр қатысушы өздерінің мергендігі мен шеберліктерін паш етті.

Тамерлан Қымбатов, облыстық Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының маманы:

Әрбір ұл өзінің тартыстарын, өздерінің күштерін көрсетеді және бақ сынайды. Дәстүрлі садақ ату ең шын спорт түрлерінің бірі. Талпыныстарын, жігерлерін көрсетеді.

Шараның шынайы мерекелік көркін қатысушылардың өздері қыздырды. Олар ұлттық киіммен шығып, жарысқа ерекше реңк берді. Көрермендер тартымды көріністі тамашалап қана қоймай, көз алдына келген тарих рухын да сезінді. Қатысушылардың арасында тәжірибелі мергендер де, садақты алғаш рет қолға алғандар бар. Дегенмен, бұл сайыстың басты шарты жеңіске жету емес, бірлік пен өзара құрметті дәріптеу.

Владимир Орляхин, Казак этномәдени бірлестігінің өкілі:

Мен садақ ату сайысына алғаш рет қатысып отырмын. Бізді осы мерекеге орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысуға шақырды. Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай облыста түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Мұндай бастамалар елде бірлік пен достықты нығайтып, өзара сыйластықты арттыруға ықпал етеді.

Сайысқа қатысушылар атаулы күнге орай өткен сайыс жоғарғы деңгейде ұйымдастырылғанын айтты.

Лейла Слямбекова