Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары Азаматтық қорғаныс саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндірді. Брифинг барысында өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік салаларындағы жаңашылдықтар жайлы ақпарат берілді.
Мамандардың айтуынша, биыл ақпан айынан бастап Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне нысандардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі жөнінде қорытынды беру функциясы жүктелген. Енді адамдар көп шоғырланатын орындар мен ғимараттарды пайдалануға беру алдында тапсырыс беруші арнайы қорытынды алуы тиіс.
Алмас Байжұминов, ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:
Оқыту жүйесі практикалық бағытқа ауыстырылды, тұрақты оқу жаттығулары мен оларды пысқтау енгізілді. Төтенше жағдайлар кезінде халық пен қызметкерлердің практикалық деңгейлерінің төмендігі анықталды. Сол себепті аумақтық деңгейде мекемелерде, практикалық оқу жаттығулар кімнің қиын жағдайда қалай әрекет ету керектігі айқындалды.
Сонымен қатар азаматтық қорғаныс саласындағы өзгерістер де таныстырылды. Жаңартулар жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыруға, төтенше жағдайларға дайындықты күшейтуге, цифрлық басқару тетіктерін енгізуге бағытталған. Сондай-ақ қорғаныс құрылыстары мен адамдар жаппай жиналатын нысандарға қойылатын талаптар күшейтілді.
Диас Сейтхазин, ШҚО ТЖД Техникалық нормалау бөлімі бастығының м.а:
Азаматтық қорғау туралы ҚР заңының 66-2 бабына сәйкес адамдар жаппай болатын және биіктігі 20 метрден асатын ғимараттарды қаьылдау және пайдалануға беру алдында тапсырыс беруші рұқсатты халықтан және заңнамада белгіленген тәртіппен обектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды алуға міндетті.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында да бақылау шаралары қатаңдатылған. Енді тәуекелге негізделген бақылау жүйесі енгізіліп, мониторинг процестері цифрландырылады. Бұл өндіріс орындарындағы апаттардың алдын алып, кәсіпорындардың жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы, енгізілген өзгерістер қауіпсіздік деңгейін арттырып, төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
Нұрдәулет Қалибеков