Аймақта Жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Өңірлік коалиция мүшелері ЖОО ұжымымен және студенттермен кездесті. Жиынға қатысушылар ашық диалог құрып, пікір алмасты.
Жаңа Конституция жобасы ЖОО оқытушылары мен студенттері арасында кеңінен талқылады. Ел үшін маңызды құжаттағы негізгі өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді. Жиында өңірлік коалиция мүшесі Шынар Боранғалиева қолданыстағы Конституция мен ұсынылып отырған жаңа Ата заң арасындағы басты айырмашылықтарға тоқталып, оның қоғам өміріндегі маңызы туралы айтты.
Ережеп Мәмбетқазиев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі:
Біздің университетке келіп, Жаңа Конституциямыз жөнінде біздің ой-пікірімізді білгісі келіп жатыр. Әсіресе жастардың ой-пікірін білуге. Сондықтан келгендеріне көп-көп рахмет.
Кездесу соңында студенттер мен оқытушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Жаңа Конституция жобасындағы өзгерістер төңірегінде пікір алмасты.
Сая Жарасқызы