Өңірлік коалиция мүшелері Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты ұжымымен кездесті. Олар елдегі маңызды саяси науқанға байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтардың пікірін тыңдады.

Басқосуға 60-қа жуық адам қатысып, жаңа Конституция жобасы жан-жақты түсіндірілді. Әсіресе, өндіріс саласындағы еңбек жағдайы, әлеуметтік кепілдіктер және тұрақтылық мәселелері сөз болды.

Шынар Боранғалиева, өңірлік коалиция мүшесі:

Жаңа Конституция жобасында бұрынғыдай ҚР-ның қазба байлықтары емес, жалпы адам, адамға бағытталған оның құқықтары туралы, жетістіктері туралы. Өзгерістерден айтатын болсақ, еңбек демалысына байланысты өзгерістер бар, медицинада да өзгерістер бар.

Коалиция өкілдерінің айтуынша, жаңа Конституция жобасының басты ұстанымы – мемлекет үшін ең қымбат құндылық өндіріс көлемі мен пайда емес, ең алдымен адам екендігін айтылды.

Зоя Новолодская, өңірлік коалиция мүшесі:

Еңбек ұжымының бұл мәселеге қызығушылық танытқанына қуандым. Айта кету керек, өндіріс саласында жұмыс істейтін адамдар көп жағдайда түрлі мәселеге сенімсіздікпен қарайды. Соған қарамастан әлеуметтік желіде таралып жүрген жалған ақпараттарды бірге талқылап, түсіндірме жұмыстарын жүргізген кезде олар өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіруге дайын екендіктерін жеткізді. Өңірлік коалиция мүшелері ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын әлі де жалғастыра бермек.

Аяулым Усинова