Облыста «Шығыс жұмыскер» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасының үшінші кезеңі жүзеге асырылуда. Бағдарлама білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және төтенше жағдайлар салаларындағы білікті мамандарды қолдауға бағытталған. Бүгін бағдарламасы негізінде қабылданған өтінімдерімдің қорытындысы бойынша комиссия отырысы өтті.
Өтінімдерді қабылдау облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Отбасы банк» АҚ арасындағы ынтымақтастық аясында жүргізілді. Баспана алуға ниетті азматтардан 80 астам өтінім түскен.
Рауан Тұрысбек, Облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:
Өткен адамдарға хабарлама жібереміз. Олар сол хабарламаларды алып, Отбасы банкке барып, банк өз платежеспособность өзі қарайды. Кредитная история бәрін қарайды, өздері сол адамдармен жұмыс істейді.
Тұрғын үй алу бастамасының алғашқы кезеңінде өтінімдер саны аз болғандықтан құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылды. Комиссия шешімі бойынша 16 үміткерден 10 өтінім келіп түскен. Олар келесі кезеңге жолдама алды.
Жарас Сағадиев, комиссия мүшесі:
«Шығыс жұмыскер» бағдарламасының өзі жан-жақтан комиссия мүшелері құрылды. Бұл қоғамдық бірлестік, мемлекеттік орган тарапынан, БАҚ қатысуымен өткізіліп жатыр. Комиссияның жұмысы барлығы ашық, айқын. Әрбір қабылданған қорытындылар барлығы жарияланып отырады уақытында.
Бағдарлама талаптарына сай келетін азаматтарға «Отбасы банк» АҚ-на жолдама беріледі. Төлем қабілеттілігі расталған жағдайда, қатысушы 30 күн ішінде сатып алатын тұрғын үйді таңдап алуы тиіс.
Аяулым Усинова