Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ұжымымен коалиция мүшелері кездесу өткізді. Кездесудің басты тақырыбы жаңа Конституция жобасы. Жиналғандар мемлекеттік құрылымдағы негізгі өзгерістерді талқылап, азаматтарға берілетін әлеуметтік кепілдіктерді атап өтті.

Кездесу барысында жиналғандарға негізгі құжатта ұсынылған нормалардың мәні мен мазмұны жан-жақты баяндалды. Әсіресе, әділдікті нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру қағидаттарына ерекше назар аударылды. Музей қызметкерлері құжатта адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға айрықша мән берілгенін, сондай-ақ қазіргі қоғамның сұраныстары ескерілгендігін атап өтті.

Назым Рахиева, облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының бөлім меңгерушісі:

Жаңа Конституцияға келетін болсақ мемлекетті нығайтудың, мемлекетті дамытудың негізгі кепілдіктері күшейтіле түсті деп ойлаймын. Өйткені жаңа конституция жобасында мысалы үшін дербес информациялық мәліметтерді сақтау мен қорғаудың басты мәселелері көтерілді. Сонымен қатар адам өмірінің, өмір сүруінің құқығының абсалюттілігі, қағидасының бекітілуіне мысалы үшін нормалары қаралып отыр. Сонымен қатар жеке бас қолсұғылмаушылығы күшейтіліп отыр, және де өзім мәдениет салсында жұмыс атқарғандықтан қазіргі таңда жаңа конституция аясында мәденит және инновация білім, ғылым және технология саласындағы зияткерлік және жеке меншік құқытары да жақсы қаралып отыр деп ойлаймын.

Цифрландыру жағдайында жеке деректерді қорғау мәселесі ерекше өзектілікке ие. Кездесуге жиналғандар мұндай талқылаулар жаңа Конституция жобасының мазмұнын тереңірек түсінуге мүмкіндік беретінін және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Салтанат Кеңесбекқызы