Облыс әкімі Ермек Көшербаев Риддердегі шағын бизнес өкілдерінің жұмысымен танысты. Онда сүт өнімдерінен бастап ет өнімдеріне дейін тағам түрлері өндіріледі. Кәсіпкерлер іс-сапармен келген өңір басшысына шағын кәсіпте өздерін толғандырған біршама мәселелерін де жеткізді.

Риддер қаласындағы сүт зауыты 1923 жылы салынған. Қазіргі таңда тапсырысты арттыру үшін қаражат қажет, дейді қызметкерлер. Мұнда аптасына 20 тонна сүт келіп түседі. Күніне әрқалай тапсырыс түсуіне байланысты 3-5 кейде тіпті 7 тоннаға дейін сүт өндіріледі екен.

Бұдан бөлек, Риддердегі «Steak King» ет зауытында күніне 250 кг шұжықтың түр-түрі дайындалады. Бұл шағын кәсіпкерлікте бар болғаны төрт адам жұмыс істейді.

Кәсіптің нәсібін тауып жүрген азаматтар өңір басшысынан субсидия бөлуді сұрап отыр.