Еңбек адамдары марапатталды
Еңбек күніне орай облыс орталығында «Еңбек-ел мұраты» шарасы өтті. Ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп, өңір экономикасының дамуына барынша үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды. Салтанатты кеш барысында Республикалық «Парыз» және «Еңбек жолы» байқауларының жеңімпаздары анықталып, облыстың 13 үздік маманына құрмет көрсетілді.
Жыл сайынғы дәстүр бойынша Еңбек күні қарсаңында ұйымдастырылатын шараның мақсаты - еңбек адамының беделін арттыру, жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы маңызын насихаттау. Маңдай терімен елдің дамуына үлес қосып жүрген қарапайым қызметкерлерге қандай құрмет көрсетілсе де лайықты. Салтанатты жиында сөз алған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов жиналғандарға өзінің ізгі тілегін жеткізді.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Еңбек дегеніміз бұл ел дамуының негізі. Ал адал еңбек негізінде қоғамның тұрақты дамуымен халықтың әл аухатын арттырудың басты кепілі. Бүгінде облысымыздың әлеуметтік экономикалық дамуында қол жеткен жетістіктеріміздің барлығына каөзқарастылықпен қарасақ шын мәнінде осының негізінде өз ісіне жауапкершілікпен қараған, ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген мыңдаған біздің азаматтарымыздың еңбегі өңіріміздің әр саласының дамуына өз үлесін қосып жүрген жұмысшыларға, мамандарға, кәсіпкерлерге, барша еңбек адамдарына біз шынайы алғысымызды білдіреміз.
Кеш барысында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық «Парыз» байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды. «Үздік ұжымдық шарт», «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша үздіктер марапатталды.
Бақытбек Қизатов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің ШҚО бойынша департамент басшысы:
Қыркүйек айының соңғы ждексенбісі Еңбек күні. Бұл енді еңбек адамының лайықты еңбек адамында еңбек жалақысы болуы керек. Еңбек адамына барлық жағдай жасалуы керек. Олардың өмірі сақтандырылуы керек. Олар жұмыс істеген кезде еңбек жағдайлары қалыпты ты деңгейде болуы керек.
Бұдан бөлек «Еңбек жолы» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша марапатталды. Солардың бірі энергетика саласында жалпы еңбек өтілі 146 жылды құрайтын Жусуповтар әулеті.
Алия Жусупова, «Үздік еңбек әулеті» номинациясының жеңімпазы:
Әулетіміздің ең бірінші жұмысқа жол бастап, энергетика саласындағы біздің атамыз содан тарап, әкем, әкемнің апайы, анам, бауырым апайларым барлығы осы энергетика саласында жұмыс атқарады. энергетика саласы негізінен мемлекетіміздің қарқынды дамушы саласының бірі болып табылады.
Мараптақа ие болғандар қатарында әр ауданнан келген қарапайым жұмысшы мамандар да бар. Еңбектің қадірін біліп, өз бақытын сүйікті мамандығынан тапқан абзал жандар қандай марапатқа ие болса да, қарапайымдылығынан айнымайды. Өйткені, нағыз еңбектің бағасы - марапатта емес, маңдай термен атқарған ісінде.
Барлыбай Бұрқұстаев, Үздік қорықшы (Марқакөл ауданы):
Біздің басты мақсатымыз табиғат қорын молайту, өрт қауіпсіздігін сақтау, басқа да табиғи апаттардан қорғау біздің басты міндетіміз. Біздің жұмысымыз күні түні тоқтаусыз жұмыстар. Демалыс деген болмайды. Үлкен мараптақа ие болып жатқаныма мен шын жүректен қуанышты сезімдемін. Елімізге табиғатқа адал қызмет етуге дайынмын.
Гүлназ Исинова, Үздік бие сауушы (Катонқарағай ауданы):
Бие саууды анамнан үйрендім. Сол кісіден қалған, сол кісіден дарыған. осы салада істегеніме 30 жыл болды. Мен енді бір сауғанда 25 бие сауамын. Арасы екі сағат сайын. 40 минут сауамын. 1 сағат демаламын. Бір сауғанда 23-25 литрге барады. Соны іс қыламыз. Қымыз қыламыз сатамыз. Саумалын маңайда санаторийлер бар демалушылар сол келіп саумалдай ішеді.
Салтанатты жиында жиналғандарға жергілікті өнерпаздардың әуезді әні мен мың бұрала билеген бишілердің биі мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Салтанат Кеңесбекқызы