Негізгі Жаңалықтар Тоқан Базархановты еске алуға арналған еркін күрестен турнир өтті

Тоқан Базархановты еске алуға арналған еркін күрестен турнир өтті

Облыс орталығында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақ КСР-інің еркін күрестен спорт шебері Тоқан Базархановты еске алуға арналған 2011–2013 жылдары туған жасөспірімдер арасында еркін күрестен облыстық турнир өтті. Жарысқа жас балуандар қатысып, өздерінің спорттық шеберліктерін, жеңіске деген жігері мен табандылығын көрсетті. Турнир жас спортшылар үшін өз күштерін сынап, тәжірибе жинақтауға және көрнекті бапкердің есімін ұлықтауға мүмкіндік берді.

Көптеген қатысушылар үшін бұл турнир бозкілемде өз күштерін сынап көруге және ғұмырын еркін күрестің дамуына арнаған азаматты тағы бір мәрте еске алуға мүмкіндік сыйлады. Жарысқа Тоқан Базархановтың шәкірттері, туған-туыстары, сондай-ақ спорт ардагерлері арнайы қатысты.

Нұрболат Мағзұмов, бас төреші:

Шет облыстардан Абай облысынан келді, Талдықорғаннан кеді, Лепсі интернатынан балалар келіп жатыр жәнеде осы ШҚО ның бүкіл районынан 150 ге таман балалар келді спортсмендер. Бұл жарысымыз енді өте жақсы деңгейде өтеді деген ойдамын. 

Тоқан Базарханов ұзақ жылдар бойы Қазақстанда еркін күрестің дамуына елеулі үлес қосып, спортшылар мен жаттықтырушылардың бірнеше буынын тәрбиелеп шығарды. Оның ұлы Арман Базарханов та төрт жасынан бастап еркін күреспен айналысқан. Бүгінде ол спорт саласында еңбек етіп, еркін күрестен спорт шебері атағын иеленген.

Арман Базарханов, Т. Базархановтың ұлы:

Бұл турнирд негізі басты мақсаты- кішкентай балаларға жол беру, кішкентай балаларды тәрбиелей жәнеде олардың ауылдан шығуға бір үлесіміз. Үйткені қазіргі таңда әкемнің оқушылары үлкен дәрежедегі спортсмендер жаттықтырушылар жәнеде саясатта жүрген кісілер. Содларға қарап кішкентай балалар үлгі алу керек. Бұл спорт тек қана кілеммен жәнеде еркін күреспен шектелмейді. 

Турнирге бозкілемде бақ сынау үшін мықты балуандар жиналды. Олардың әрқайсысы жеңіс тұғырына көтеріліп, лайықты жүлдемен елге оралуды басты мақсат етіп отыр. Қатысушылардың қатарында Абай облысынан келген Ералы Бейбіт те бар. Ол кілемге шыққан сәттен бастап қарқынды өнер көрсетіп, өз облысының абыройын асқақтатты.

Ералы Бейбіт, жарысқа қатысушы (Абай облысы):

Мен бірінші схавткіде айқын басымдылықпен жеңдім есеп онда нөлмен жеңдім. Мен күреспен бес жылдан бері дайындалып келе жатырмын. Менің мақсатым келешекте олимпиада әлем чемпиьны болу. 

Турнирге 150-ден астам спортшы қатысты. Олардың 17-сі Жетісу облысынан арнайы ат терлетіп келген. Жетісу облысының командасын Тоқан Базархановтың шәкірттерінің бірі, Қазақстан Республикасының еркін күрестен еңбек сіңірген жаттықтырушысы Алтай Танабаев бастап келген. Ол бүгінгі жарысқа өз бағасын беріп, шығыстың жас спортшыларның мықты екенін жеткізді.

Алтай Танабаев, Еркін күрестен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы:

Біз Жетісу облысы Лепсі спорт интернаттың келіп отырмыз. 17 бала келіп осы бәсекесі шығыстың балалары мықты дарынды балалары өте көп. Соның ішінде іріктеліп осы жерде ойлаймын келешекте үлкен чемпиондар осы үлкен кілемде шығады деп ойлаймын.  

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай турнирлер еркін күрестің дәстүрлерін сақтауға, өскелең ұрпақты спортқа тартуға және балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтына деген қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді.

Нұрдәулет Қалибеков


Бөлісу