Қаһарман Қалжыр төрінде
Ғарышқа самғаған қазақтың тұңғыш перзентінің есімі енді Қалжыр ауылындағы білім ордасында айрықша ұлықталмақ. Облыстағы Марқакөл ауданындағы Қалжыр ауылына Халық қаһарманы, қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров арнайы келіп, өз атына берілген жаңа кабинеттің ашылуына қатысты. Бұдан бөл елдің маңдайына біткен ұлы тұлға аймақ басшысымен бірге ата-баба рухына тағызым етті.
Салтанатты шараға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен ауыл тұрғындары, ұстаздар, оқушылар және ардагерлер қатысты. Алдымен өңір басшысы мен ғарышкер ел тарихында өшпес із қалдырған азаматтарды еске алып, даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойды. Бұдан кейін көпшілік мектеп төріне жиналды. Мұнда қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің өмір жолы мен еңбек белестерін қамтитын арнайы кабинет ашылды. Білім ордасының қабырғасынан батырдың ғарыш кеңістігін бағындырған сәттері мен ел тарихындағы маңызды кезеңдерінен сыр шертетін естелік суреттер қойылған. Сонымен қатар, халық қаһарманы өз атына ашылған сыныптың болшаққа тигізер пайдасы өте мол екенін жеткізді.
Тоқтар Әубәкіров, Халық қаһарманы:
Жаңа Нұрекең дұрыс айтып кетті. Ол болшаққа керек тәрбие, үлкен тәрбие. Жалғыз менің есімімді көтеру емес, менің есіміммен мақтанып, менің есімімді мынындай болып, осы балалар болама деп сол оймен міні үлкен азаматтар осындай шараны жасап жатыр.
Ғарышкердің есімі берілген кабинет жай ғана оқу бөлмесі емес. Бұл – жас ұрпаққа жігер беріп, биік мақсатқа ұмтылуға үндейтін тағылым ордасы. Мұнда оқушылар Тоқтар Әубәкіровтің өмірі мен ерлік жолынан сыр шертетін құнды дүниелермен танысып, елге қызмет етудің, білім мен еңбектің маңызын ұғына алады, деді облыс басшысы
Марқакөл ауданының Қалжыр ауылында жаңа спорт модулі пайдалануға берілді. Нысанның жалпы аумағы 850 шаршы метрден асады. Мұнда бес жаттықтырушы-оқытушы қызмет атқарып, ауыл балаларының спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасалмақ. Жаңа нысанның ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Аймақ басшысы бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріліп отырғанын атап өтті.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Қалжыр ауылындағы спорт кешенінің ашылуы, осы тапсырма аясында жасалып жатқан жүйелі жұмыстардың бір көрінісі. Осы спорт кешенінде мен ойлаймын, біздің балаларымыз ғана емес, кешкілік үлкен азматтарда бір уақыт келіп спортпен шұғылданып, өздерінің денсаулығын нығайтады. Ал балаларымыз жүйелі түрде спортпен шұғылданып, болашақ осыннан чемпиондар шығатынына сеніміз мол. Елімізде ата-бабамызда айтады бірінші байлық денсаулық деп ал ол денсаулықтың басты кепілі бұл әрине спортпен шұғылдану.
Сондай-ақ облыс әкімі Қалжыр ауылдық дәрігерлік амбулаториясының жұмысымен танысты. Медициналық мекеме 1145 тұрғынға қызмет көрсетеді. Мұнда 12 маман еңбек етеді. Амбулатория жанындағы күндізгі стационарда екі төсек-орын қарастырылған. Жыл басынан бері ауылда жеті сәби дүниеге келген. Ана мен бала өлімі тіркелмеген. Диспансерлік есепте 230-дан астам тұрғын тұр. Ал ұлттық дәрі-дәрмек саясаты аясында 150-ден астам дәрі тегін беріледі. Аймақ басшысы ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, қажетті дәрі-дәрмекпен уақытылы қамту мәселелеріне назар аударды.
Марқакөл ауданында алдағы жылдары тұрғын үй, өндіріс, ауыл шаруашылығы және туризм бағытындағы бірқатар жоба жүзеге аспақ. Бұл туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың Қалжыр ауылында тұрғындармен кездесуінде айтылды. Ауданды дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған жоспары бекітілген. Соған сәйкес, өнеркәсіптік өндірісті ұлғайтуға басымдық берілмек. Қазір 1 миллиард теңгеге мыс өндіру және қайта өңдеу зауытын кеңейту жұмыстары жүріп жатыр. Ал 2028–2030 жылдары алтын өндіру фабрикасы мен Қалжыр өзенінде шағын су электр станциялары каскадын салу жоспарланған. Әлеуметтік мәселелер де назардан тыс қалмақ емес. «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған 12 үйден тұратын 24 пәтер салу көзделген.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Біздің басты міндетіміз осы мүмкіндіктерді жаңа жұмыс орындарын құруға инфроқұрылымды жаңартуға және тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағыттай отырып резервтерімізді тиімді пайдалану. 05.52 Скл 07.46 2028-2030 жылдар аралығындағы перспективада аудан аумағында алтын өндіретін фабрика және Қалжыр өзенінде ГЭС каскадын салу бойынша екі жобаны іске асыру жоспарланған.
Ал, білім беру саласында Қайнарлы ауылында 50 орындық мектеп салынып, Төсқайыңдағы 100 орындық мектеп құрылысы жалғасып жатыр. Ал Марқакөл ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтау жұмыстары жүргізілуде.
Нұрдәулет Қалибеков