Электр желілерінің үздіксіз жұмыс істеуі маңызды
Электр желілерінің үздіксіз жұмыс істеуі – тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі мен әлеуметтік нысандардың тұрақты қызметі үшін аса маңызды. Облыста электр желілерін жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстар жыл сайын жүргізіледі. Мамандардың айтуынша, жөндеу барысында тозығы жеткен электр желілері мен қосалқы станциялардың жабдықтары жаңартылып, тіректер ауыстырылады. Сонымен қатар сымдар тартылып, трансформаторлық қосалқы станцияларға техникалық қызмет көрсетіледі. Бүгінде туристік әлеуеті зор аудандарды дамыту мақсатында бұл бағыттағы жұмыстар жоспарлы түрде кезең кезеңімен жүзеге асырылуда.
Өңірдегі электр желілерінің басым бөлігі бірнеше онжылдық бұрын тартылған. Сондықтан инфрақұрылымды жаңарту маңызды. Биыл бірқатар елді мекендердегі желілер мен қосалқы нысандарда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, олардың техникалық жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар атқарылды.
Досжан Ағыбаев, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:
Жалпы бізде облыста 21 мың км аса электр желілері бар. Оның орташа тозу деңгейі 84,4 пайызды құрайды. Биылғы жылы осы ағымдағы жөндеу жұмыстарына 737 км электр желілерін. Бұдан басқа 91 трансформаторлық қосалқы станция 49 қосалқы станция жөнделді. Жұмыстары жасалынып бітті бүгінгі күні. Алдағы жұмыстардан тозу деңгейін кем дегенде 0,5 пайызға азайту көзделген. Облыста электр энергиясында тапшылық жоқ. Былтырғы жылды айтатын болсақ 7,6 кВ/сағ электр энергиясы өндірілсе,500 миллион кВ/сағ біздің облыс жетті.
Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов жауапты сала мамандары туристік әлеуеті зор аудандарды дамыту бүгінгі күннің басты талабы екендігін нықтап тапсырды. Сөз арасында әкім электр энергиясының тапшылығын жою және барынша энергия көздерін тиімді пайдалану маңыздылығын атап өтті. Бүгінде өңірде бұл бағыттағы жұмыстар қарқын алды. Өңір тұрғындарын эдектр энергиясмен қамтамасыз етіп отырған компания басшылығы жауапты сала мамандарымен бірлесіп, бірқатар аудандардағы электр тапшылығын шешудің бірнеше ұтымды жолын ұсынған.
Ерболат Әлпиев, «Біріккен энергосервистік компаниясы» АҚ Алтай аймағының директоры:
Зайсан көлінің маңында тұрған Зайсан көлі шеңбері деп аталатын қазіргі таңда 60 жылға жуық уақытта қызмет жасап тұрған 110 кВ линия өзінің барлық беретін қуатын беріп болды. Ары қарай беруге мүмкіншілігі азайып қалды. Сондықтан облыс әкімшілігімен облыстық энергетика бірлігімен бірлесе отырып, осы 110 кВ линияның маңында 220 кВ линия салынуы керек. Сонда ғана Зайсан көлі маңындағы Үлкен Нарын, Катонқарағай, Күршім Марқакөл, Зайсан, Тарбағатай, көршілес Ақсуат ауданы көршілес облыстың Көкпекті ауданы, Самар ауданының барлық проблемалары шешіледі деп ойлаймын.
Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бойынша жалпы ұзындығы 34 293 шақырымнан асатын төменгі және орташа кернеулі желілерге, сондай-ақ 311 ірі қосалқы станция 6 434 трансформаторлық пунктке қызмет көрсететін мекеменің алдағы жылдарға жоспары айқын. Туризм енді дамып келе жатқан аудандарда жоспарлы жұмыс өз кезегімен іске асырылмақ.
Ерболат Әлпиев, «Біріккен энергосервистік компаниясы» АҚ Алтай аймағының директоры:
Самарда электр қуаты әрине жетіспейді ондағы барлық бизнес өкілдері тур базалардың иелері жақсы біледі. Бұл жерде тағы да бір рет жазылған әкімшілікке Новостроика деп аталатын ауыл бұрынғы Печанка ауылы ғой сол Новостроика деп аталады. Сол жерге 110 кВ подстанция апарып салынса, онда бұл жерлердегі жағдай 20-30 жылға шешіліп қалады деп ойлаймын.
Алдағы уақытта жаңа желілер мен қосалқы станциялар салынса, өңірдің энергетикалық тұрақтылығын арттырып, елді мекендер мен кәсіпкерлік нысандардың үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Салтанат Кеңесбекқызы