Жыл сайын Жеңіс күнінде ардагерлерге зор құрмет көрсетіледі. Биыл да мереке қарсаңында облыста тұратын соғыс ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға біржолғы жәрдемақы ретінде 1,5 млн теңге берілмек. Аймақта 14 соғыс ардагері бар.
Биыл ардагерлерге арналған біржолғы төлемнің қоры –300 млн теңгеден асып отыр. Әлеуметтік төлем 5386 адамға қарастырылған.
Аймақта ардагерлерді қолдаудың 2024 жылға арналған кешенді жоспары бекітілді. Арнайы бағдарламаға медициналық көмек көрсету және оңалту жұмыстары енді.
Жеңіс күніне арналған барлық төлемдер 9 мамырға дейін жалғасады.