«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында мемлекеттік мекемелердің өкілдері мен заңгерлер облыс орталығының тұрғындарын қабылдады. Аталмыш акция әр сенбі сайын ұйымдастырылатын жәрмеңкеде өтті. Қала тұрғындары көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алып, заңнама нормаларына сәйкес кеңес алды.

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» акциясының мақсаты – азаматтарды қабылдау өткізе отырып, жеке мәселелері бойынша құқықтық кеңес беру. Осы шара арқылы қоғамның құқықтық мәдениет деңгейін арттыру. Қабылдауды облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Полиция және Мемлекеттік кірістер Департаменттері мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері және облыстағы заңгерлер палатасы өткізді.

Бұл күні Катонқарағай ауданының ауылшаруашылық жәрмеңкесіне келген қала тұрғындары азық-түлік алып, құзыретті органдардың көмегіне жүгініп үлгерді.

Бұдан бөлек, бұл қызмет көрсету орталықтары тұрғындар мен заңды тұлғаларды кез келген уақытта еш кедергісіз қабылдап, құқықтық көмек көрсету үшін бар жағдай жасалған.