Облыс орталығында алғаш рет халықаралық деңгейде Kazakhstan Fashion Week сән апталығы өтті. Отандық дизайнерлермен қатар алыс-жақын шетелден келген сән үйлері де халық назарына өз туындыларын ұсынды.
Сән шарасында шығысқазақстандық көрермендер ең алғаш болып «Көктем–жаз 2025» топтамасына куә болды. Көрсетілімге арнайы шақыртылған қонақтар бірдей қара түсті киім киіп, салтанатты кешке ерекше дайындықпен келген.
Апталық барысында танымал және жас дизайнерлер 11 сән топтамасын ұсынып, жарқын коллаборацияларымен ерекшеленді. Шараға қазақстандық және Тәжікстан мен Грузиядан да сән үйлері келді.
Сән көрсетілімінде ұлттық нақыш пен заманауи стильді үйлестіре білген шеберлер көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Дизайнерлер биылғы маусымның тренді ретінде табиғи маталарды, нәзік реңктерді таңдаған.