Облыс орталығында дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Әдеттегідей табиғи өнімдер нарықтағы бағадан анағұрлым төмен саудаланды. Бұл жолы өскемендіктерді сапалы өнім, қолжетімді бағамен Үлкен Нарын ауданы қуантты.

Игі шараға үлкеннарындықтар тыңғылықты дайындалған. Шаруалар облыс орталығына ұсақ мал, ірі қара, жылқы етін және сүт, бал, ауыл шаруашылық өнімдерінің түр-түрін молынан алып келген. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар қала жұртына тиімді бағада ұсынылды.

Қала тұрғындары жәрмеңкеге ағылып, азық-түлікті қап-қабымен алып жатты. Жәрмеңкеде ең көп саудаланған өнім жылқы еті мен бал болды.

Жәрмеңке – табиғи өнімнің мол қоры саудаланатын орын. Арзан әрі табиғи өнімнен керектісін алып жатырмыз, дейді қалалықтар.

Жәрмеңкеден бөлек келушілер үшін арнайы концерт ұйымдастырылды. Қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап өнерпаздар әннен шашу шашты.