«Jasyl el» жастар еңбек жасақтарының жаңа маусымы ресми түрде басталды. Күршім ауданында өткен шарада жастар ең алдымен жұмыстарын жоспарлап, тың нұсқаулар алды. Биыл жоба аясында өңірдегі мыңнан астам азамат көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына тартылады. Жастар жаз бойы туған жерінің көркеюіне үлес қосып, табиғатқа жанашырлық танытады.

Бұл жоба жастарды жұмыспен қамтуды көздейді. Бастама аясында республика бойынша отыз мыңнан астам азаматты маусымдық шараларға тарту көзделген. Олар әлеуметтік және экологиялық шараларға қатысады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба – тек табыс көзі ғана емес, жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, әлеуметтік жобаларға қатысуына мүмкіндік беретін бірегей алаң.

Салтанатты шара соңында «Jasyl el» жастар еңбек жасақтарының мүшелері орталық саябақта ағаш көшеттерін отырғызды. Бұдан соң, Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің айналасын қоқыстан тазартты.

 «Таза Қа¬зақстан» республикалық эко¬ло¬гия¬лық акциясы бүгінде жалпы-ха¬лық¬тық сипатқа ие. Бұл – азаматтардың туған жеріне деген құрметтің, сүйіспеншіліктің айқын көрінісі.

2005 жылы алғашқы маусымын бастаған «Jasyl el» еңбек жасағының құрылғанына биыл 20 жыл. Осыған орай республика көлемінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған челлендж басталды. Оның аясында жастар қоқысты сұрыптап, тұрмыстық қатты қалдықтарды арнайы жәшіктерге салып, табиғатқа жанашырлық танытуда. Үздік челлендж республикалық қорытынды жиында анықталады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар қарастырылған