«Донор бол,өмірге үміт сыйла.» Осындай атаумен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аймақтағы департаменті игі шара өткізді. Жақыныңа жанашыр болуды үндейтін акцияны ұйымдастыруға департамент жанындағы «Еріктілер кеңесі» бастамашы болған.
Денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелердің бірі – донор табу. Онкологиялық дертке шалдыққан балалар үшін қан қоры жеткілікті болғаны маңызды. Алайда, дертке шалдыққандарға кез келген адамның қаны сәйкес келе бермейді. Сала мамандары бұл тұста қан тобының барлық түрі қорда болғаны жөн, дейді. Жоғарыда аталған мәселені ескере отырып, аймақтағы мемлекеттік қызметшілер игі шараға бір кісідей ат салысты.
Донор болудың адам ағзасына тигізер пайдасы мол, дейді дәрігерлер. Өзгеге көмек қолын тигізуді ниет етсеңіз қант тапсырудың талаптары да қарапайым. Ең алдымен жасыңыз 18-ден асуы керек. Бұдан соң ақ халаттылар денсаулық жағдайыңызды толық тексерістен өткізеді.
Қан тапсыруға небәрі 15 минутқа жуық уақыт кетеді. Егер адам 500 мл қан тапсырса, оның денсаулығына ешқандай зиян тимейтініндігі ғылыми тұрғыда дәлелдеген. Сондықтан да, донор болғандардың денсаулығына еш зияны жоқ. Керісінше, донор болу арқылы көпке көмек көрсетіледі. Акцияға қатысушылардың бірі-Ақжан Әділов осындай пікріде. Ол сирек кездесетін қан тобының иесі.
Облыстық қан орталығы мемлекеттік қызметшілермен мұндай шараны жиі өткізеді.