Облыс орталығында мәдениет және өнер саласының қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Ашық аспан астында өткен кеште өңірдегі ауыл, аудан және қалалық мәдени ошақтардың үздіктері марапатталды.

Салтанатты жиын Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының қолдауымен өтті. Өңірде жалпы 170 кітапхана мен клуб, 6 музей халыққа қызмет көрсетеді. Аталған шара өнер саласы қызметкерлерінің еңбегін насихаттау және қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған.

Шара барысында ел сүйіспеншілігіне бөленген әнші-әртістермен қатар, кітапхана мен мәдениет үйлерінің қызметкерлері де марапат алып, алғыс хаттарға ие болды.

Салтанатты шара облыс орталығындағы шығармашылық ұжымдардың концертіне ұласты. Бұдан бөлек, көркемөнер көрмесі, қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі көпшілік назарына ұсынылды.