Өскеменде облыстық полиция департаментінің ұйымдастыруымен ашық есік күні өтті. Игі бастама 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан балалары» ұлттық онкүндігі аясында ұйымдастырылды. Шараға 200-ге жуық кадет сыныптарының тәрбиеленушілері мен мектеп оқушылары қатысты.
Оқушылар тәртіп сақшыларының қызметімен етене танысып, кинологтар мен саперлердің шеберліктерін тамашалады. Балалар үшін арнайы ұйымдастырылған тәжірибелік сабақтар мен заманауи техника көрмесі олардың ерекше қызығушылығын тудырды. Қатысушылар департамент мұражайы мен жедел басқару орталығының, арнайы жасақтың жаттығуымен танысты.
Департамент мамандары оқушыларға 8 бағыт бойынша ішкі істер органдарының негізгі қызметі мен міндеттерін жан-жақты таныстырды. ЖАс өрендер ұйымдастырылған шараны тамашалап ғана қоймай, шахмат пен үстел теннисінен де жарысқа қатысты.
Оқушылар тәртіп сақшыларының қызметімен етене танысып, оларға жүктелген міндеттің қаншалықты күрделі әрі жауапты екеніне көз жеткізді.