«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Халық қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы 27943 әскери бөлімі 400-ге жуық жас сарбазбен толықты. Отан алдындағы борышын өтеуге келген жастар әскери ант қабылдады. Жауынгерлер алдымен бір ай бойы оқу-жаттығудан өтті. Енді олар сап түзеп ел тыныштығын күзетпек. Сарбаздар елдің 13 облысынан келген.
Әскери ант – әрбір жауынгердің Отанын қорғауға, халқы мен жеріне адал қызмет етуге берген серті. Халық қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы 27943 әскери бөлімінің жас сарбаздары ант қабылдар алдында алғашқы әскери дайындықтан өткен. Қарумен жұмыс істеу, тактикалық қимылдар, жарғы ережелері секілді әскери қызметтің негіздерін меңгеріп, тәртіпке үйренді.
Қатардағы жауынгер Сырым Тұрдахұнов осыдан бір ай бұрын әскерге шақырту алып, бүгін ант қабылдады. Аз уақыт ішінде нағыз достар таптым, дейді жас сарбаз.
Жас сарбаз Сырым Тұрдахұновтың анасы мен қарындасы Алматыдан Өскеменге салтанатты шараға куә болу үшін келген.
Оқу-жаттығудан өткен жас жауынгерлерге артылған жауапкершіліктің салмағы ауыр. Әскери қызмет – ел алдындағы қасиетті борыш. Ант қабылдаған жас сарбаздар үшін салтанатты шара өмір бойы есте қалары сөзсіз.