Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық институттардың өзара жүйелі іс-қимылын іздеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың IV Ұлттық құрылтай мен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында көтерген маңызды стратегиялық міндеттерін іске асыруға арналды.
Жиынның мақсаты - өңірлік әлеуметтік-демографиялық мәселелерді шешуде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы әріптестікті нығайту. Шарада ҚР Парламентінің Сенаты, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының шығыстағы филиалы, облыстық әкімдік өкілдері және ғылыми-сараптамалық қауымдастық қызметкерлері баяндама жасады.
Дөңгелек үстелде өңірдің әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктерін ескере отырып жасалған жаңа жүйе таныстырылды.
Бұл жиын аймақтық даму мен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Шара қорытындысында барлық тараптың қатысуымен өңірлік өзара іс-қимылдың жаңа форматы бекітіліп, оны іске асыру жолдары айқындалады.