Риддерде «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті. Жиын барысында Төтенше жағдайлар департаменті мамандары, орман шаруашылығы қызметі мен жергілікті атқарушы билік өкілдері өрт кезінде бірлесе әрекет ету жолдарын пысықтады. Әріптесім Нұртас Қайролдаев рет-ретімен.

Оқу-жаттығу жиынының жоспарына сәйкес, Риддер орман шаруашылығында өрт оқиғасы тіркелді. Қызыл жалын шарпыған аумаққа алғашқы болып орманшылар жетіп, өртті сөндіруге кірісті. Артынша МИ-2 тікұшағы арқылы мамандар тілсіз жаудың жақын маңдағы елдімекендерге таралуын алдын алды.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өкілдері аймақтағы орман қорын өрттеу қорғау үшін өңір тұрғындары арасында үнемі ТЖД мамандарымен бірге ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілетінін айтады.

Орман өртін сөндіруге күштік құрылымдардан бөлек, жергілікті әкімдік қызметрлері, еріктілер тартылды. Ал қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция бөлімі қызметкерлері жұмылдырылды. Медициналық көмек те көрсетілді.

 «Өрт-2025» оқу-жаттығу жиыны аймақтағы орман қорын тілсіз жаудан сақтауды көздейді.