Өткен жылы өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2100 орынға арналған бес мектептің құрылысы аяқталды. Білім ордалары Шемонаиха, Риддер, Өскеменде және Белоусовка кентінде қолданысқа берілді. Дәл осы жоба аясында биыл тағы екі мектеп салынып жатыр.

 «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл Өскеменде екі бірдей мектеп салынады. Білім ошақтары оқушыларға қолайлы орта қалыптастырып, заманауи талаптарға сай жабдықталады. Облыстық құрылыс басқармасы өкілдерінің айтуынша, бұл – балалардың сапалы білім алуы үшін жасалып жатқан маңызды қадам.