Аймақтағы егіс науқаны қарқынды. Биыл 436 мың гектардан астам аумаққа дән себіледі. Бұл өткен жылмен салыстырған едәуір жоғары көрсеткіш. Мамандар мұндай нәтижеге қол жеткізуде диқандардың заманауи технологияларды қызмет барысында қолдануы маңызды рөл атқарды деп отыр. Әрине, науқанның нәтижелі болуы ең алдымен заманауи тегеурінді техника, білікті мамандар мен жауапкершілігі мол жұмысшылар құрамы, дәнді-дақылдардың сапалы шикізатына да байланысты. Өңірдің ауыл шаруашылғы саласында қолға алынған өзге де бастамалар жайлы бүгін салалық басқарма басшысы брифинг барысында айтты.
Облыстағы жалпы егістік алқабының аумағы 620 мың гектарға жуық. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,8 мың гектарға артық. Жалпы сандарға көз жүгіртетін болсақ биыл 252,6 мың гектарға дәнді, 224,5 мың гектарға майлы дақылдар себіледі. Оның 207 мың гектары күнбағыс алқабы. Бұдан бөлек, картоп пен қарақұмық алқаптары да ұлғайған. Өңірдегі диқандар қызмет барысында заманауи технологияларды жемісті қолданып келеді. Жалып аймақта науқанға дайындық жұмыстары ойдағыдай өткен.
Егіс науқанына қажетті тұқым қоры жеткілікті дейді басқарма басшысы. Мәселен биыл қажетті 73 мың тонна тұқымның 95 пайызы сараптамадан өтті. Бұдан бөлек, қожалық иелерін жанар-жағармаймен қамту ісі де назардан тыс қалмаған. Диқандар жағы бақ пен бабың қатар жүруі керек дейді бұл жұмыста. Дегенмен, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың уақытылы жүргізілуі де қожалық иелерінің мол өнім алуына өз септігін тигізеді.
Облыстық бюджеттен тұқым шаруашылығын, тыңайтқыш пен пестицидтер құнын тұрақтандыру, егістік алқабын сумен қамту үшін 5,1 млрд. теңге көлемінде субсидия бөлінді.