Облыстық Ана мен бала орталығында ашық есік күні ұйымдастырылды. Шара «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында өткізілуде. Мақсат – медициналық көмектің сапасын, балалардың денсаулығына жауапкершілікті арттыру.
Ашық есік күнінен бөлек, орталықта педиатриялық тексерулер тұрақты түрде жүргізіледі. Аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері — дені сау балалар күні ретінде белгіленген. Бұл күні ата-аналарға бала күтімі жөнінде кеңес беріліп, профилактикалық тексерулер өткізіледі.
«Дені сау бала» кабинетінде мамандар аналарға дұрыс тамақтану, психофизикалық және психосоматикалық дамудың ерекшеліктері жайында кеңес берді. Ата-аналардың қолдауынсыз баланы толыққанды қарап, тексеріс жүргізу мүмкін емес. Осы ретте ана мен бала арасындағы байланыс маңызды рөл атқарады, дейді мамандар.
Мұндай шаралар тек бір күнмен шектелмей, жүйелі түрде ұйымдастырылмақ.