Өскемендегі №1 «Балапан» бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушілері жаңа шығармашылық бағытты игеруге мүмкіндік алды. Енді олар саздан түрлі пішіндер жасап, қыш өнерін меңгере алады. Жуырда балабақшада арнайы кабинет ашылып, интерактивті бағдарлама мен «Макки» конструкторы орнатылды. Бұл игі іске мұрындық болған – «Казцинк» ЖШС.
Жобаның жалпы құны 5 млн. теңгеден асады. Бұл қаражатқа қажетті жабдықтарды «Казцинк» компаниясы сатып алып, балабақшаға тарту еткен. Арнайы бағдарламалық ойындар мен тапсырмалар арқылы балалар логикалық ойлауын дамытып, инновациялық бағдарлануды үйренеді. Бұл – ойын арқылы оқытудың озық үлгісі.
Сазбен жұмыс - баланың ұсақ моторикасын дамытып қана қоймай, ой-өрісін кеңейтеді, қиялын ұштайды. Әрі баланың шығармашылық қабілетін де дамытады. Мұндай ойын түріндегі сабақтар география негіздерін меңгеруге, бағдарлануға, логиканы дамытуға сеп болады. Бұдан бөлек, құмсалғышы бар арнайы үстелде түрлі ойындар мен тапсырмалар жиынтығы да кіреді.
«Балапан» балабақшасында 335 бүлдіршін тәрбиеленеді. Мұнда барлығы 14 топ бар, оның он үші қазақ тілінде. Ал, бір топ орыс тілінде қызмет білім береді.
Шығармашылық пен технологияны үйлестірген мұндай бастамалар жас өрендердің алғашқы қадамдарына үлкен серпін.