Биыл облыста 4430 түлек 11 сыныпты тәмәмдамақ. Ал алтын белгіге 374 оқушы үміткер. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты.

Облыстық білім басқармасы басшысының мәліметінше, өңірде барлығы 343 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді. Онда 98 мыңнан астам оқушы білім алады. Биылғы оқу жылында тоғызыншы сыныпты 9 104 бала аяқтайды. Оның ішінде үздік аттестатқа 994 оқушы үміткер.

Бұдан бөлек жаңа оқу жылына да дайындық басталып кеткен. Бірінші сыныпқа қабылдауды ұйымдастыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Жаңа оқулықтар сатып алуға 450 млн. теңге қарастырылған.