Аймақта жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Кезекті жиын С.Аманжолов атындағы ШҚУ -нің оқытушыларымен өтті. Өңірлік коалиция мүшелері маңызды құжатта мемлекеттік құрылымның барлық қыры қамтылғандығын айтты.
Жаңа Конституция жобасындағы өзгерістермен ЖОО оқытушылары толық танысқан. Жиын барысында өңірлік коалиция мүшелеріне өздерін толғандырған сұрақтарын да қойды.
Түлек Ынтымақ, С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінің жалпы пәндер оқытушысы:
Бұл өте пайдалы кездесу болды. Жаңа Конституцияда білім мен адам капиталын дамытуға үлкен мән беріліп отыр. Осындай түсіндірме жұмыстарды жүргізіп жатқан жалпыұлттық коалицияға рахмет айтамыз. Бұл кездесулер біздің саяси сауатымызды арттырады.
Өңірлік коалиция мүшелері Жаңа Конституция жобасының мән-маңызына тоқталды. Аймақ жұртшылығына өзгерістер мен толықтырулар туралы толыққанды мәлімет берілді.
Марина Кикина, өңірлік коалиция мүшесі:
Жаңа Конституция жобасын азаматтарға түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Ақпараттық түсіндірме жұмыстары барысында азаматтардың пікірін тыңдап, сауалдарына жауап береміз. Біз үшін аймақ тұрғындарына дұрыс ақпарат беріп қана қоймай олардың да пікірін білу маңызды.
Өңірде аталған шаралар легі ары қарай да жалғаспақ.
Сая Жарасқызы