Негізгі Жаңалықтар Astana Media Week 2026 медиафорумы жалғасуда

Astana Media Week 2026 медиафорумы жалғасуда

Елордада медиаиндустрияның өзгеруіне арналған халықаралық Astana Media Week 2026 мерейтойлық медиафорумы жалғасуда. Форумның екінші күні Қазақстандағы креативті индустрияларды дамытуға, жарнаманың жаңа үлгілеріне және ақпараттық саясаттағы өзгерістерге арналды.Қатысушылар технологиялық құралдар мен мемлекет және қоғам арасындағы өзара ықпалдастықтың бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына қалай әсер ететінін талқылауда. Журналистер мен PR мамандары цифрлық шешімдерді енгізу тәжірибесімен бөлісіп, билік, БАҚ және қоғам мүдделері арасындағы тепе-теңдікті сақтау жолдарын қарастыруда.Талқылаулар қорытындысы бойынша өзара байланысты жеңілдетуге және медиа саласын құқықтық қолдауды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірленуде.

5 жарым мыңдай телевизия, баспасөз, интернет және радио өкілі. Медиа саласының үздіктері бір алаңға жиналды. Astana Media Week -те биыл жасанды интеллектінің медиаға ықпалы талқыланып жатыр.

Айдана Папанина, журналист:

Бүгінде жұмысымызды жасанды интеллектсіз елестету қиын. Өйткені ол күнделікті жұмысымызды айтарлықтай жеңілдетеді. Біз XXI ғасырда, заманауи технологиялар дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан IT технологиялар біздің салада үлкен көмек көрсетуде.

Медиаформуда БАҚ қызметкерлері үшін де маңызды мәселелер талқылануда.Журналистер үшін қандай өзгерістер болатынын PR-технолог маман айтты. 

Ақерке Берлібай, PR-технолог:

Өйткені мына жерде төрт тарап бар ғой. Бұл мемлекет, өзінің ережелерін қойып жатқан, екінші тарап — бұл журналистер, сіздер, иә, үшінші тарап — бұл қоғам, және төртінші тарап — бұл біз, коммуникаторлар, баспасөз хатшылары, баспасөз қызметі. Сондықтан қазір, мінеки осындай келіп отырғаннан кейін, біз модератор ретінде осы площадканы жасап отырмыз, медиатор ретінде отырмыз. Ережелерді, қандай ережелер пайда болды, не болды, бұның түгелі өзі мемлекет айтады.Сонымен қоса журналистер айтады. 

Форумның басты жаңалығы – биыл алғаш рет Qazaqstan Media Awards аясында «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары анықталады. Байқауға 12 аталым бойынша барлығы 600-ден астам журналист өтінім берді. Жеңімпаздар форумның соңғы күні - 16 қазанда белгілі болады.

Бөлісу