Негізгі Жаңалықтар Орманды қорғау - ортақ міндет

Орманды қорғау - ортақ міндет

Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағы – табиғи байлыққа ғана емес, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларға да бай мекен. Табиғи байлықты қорғау – қорық қызметкерлерінің басты міндеті. Олар қысы-жазы уақытпен санаспай еңбек етеді. Тау-тасты, ну орманды аралайды. Бір тыным таппайды. Туристік әлеуеті зор Риддерге жыл өткен сайын келетін туристердің де қатары артқан. Сондықтан мемлекеттік инспекторларға жүктелген жауапкершілік жүгі де салмақты. 

Отбасына деген қамқорлық пен қызметіне деген жауапкершілікті қатар алып жүрген Азамат Биахметұлының әр күні әріптестерімен ақылдасудан басталады. Қорық аумағын аралау, табиғи кешендердің жағдайын бақылау және күзет жұмыстарын пысықтау оның міндеті. Себебі, мұндағы әр инспектор үшін орманды қорғау, әр дыбысқа құлақ түріп, әр өзгерісті байқау маңызды. 

Дәурен Базарбекұлы, мемлекеттік инспектор:

Батыс – Алтай қорығының кешендер мен нысандарды күзету бөлімінің бастығы маған сеніп тапсырылған белая Уба айналымында заң бұзушылықтар анықталған жоқ. қорық аумағында бөгде адамдар жоқ. Баяндап тұрған мемлекеттік инспектор Әнуарбеков Дәурен. 

Бұл жауапкершілікті ғана емес, қырағылықты да талап ететін жұмыс. Себебі, мыңдаған гектар аумақты күзету бір адамның емес, біртұтас ұжымның міндеті. Аумақты аралау барысында қорықшылар күнделікті атқарылған жұмыстарды саралап, арнайы есеп жүргізеді. Әрбір дерек қағазға түсіп, бақылау нәтижелері белгіленеді.

Азамат Биахметов, Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының бөлім басшысы:

Қазір БАТҚ 86126 аумақты құрайды. Қазіргі бірінші міндет біздегі қоршаған ортаны қорғап, оны броконьерлер мен өрттен қорғау болып саналады. Қазіргі таңда осы қоршаған ортаны қорғауға барлығы 23 мемлекеттік инспектор атсалысады. Ең негізгі қауіп ол өрт қауіпсіздігі маусымы. Бізде ең бірінші өрт орманның тілсіз жауы болып саналады қазіргі таңда қараша айының басына дейін өрт қауіпті маусымына байланысты мемлекеттік инспекторлар күшейтілген режимде жұмыс атқарады. 

Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағы – табиғи байлыққа ғана емес, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларға да бай мекен. Сондықтан мұндағы әрбір жұмыс – табиғатты сақтау мақсатына бағытталған. Қорықтағы табиғи тепе-теңдікті сақтау үшін инспекторлар фототұзақтар мен заманауи бақылау құралдарын қолданады. Бұл құрылғылар қорық аумағындағы қозғалысты бақылауға мүмкіндік береді. Жауапты қызметтің салмағы ауыр болғанымен, оның өзіне тән қызығы да бар. Қорыққа келетін туристердің саны жылдан-жылға артып келеді. 

Азамат Биахметов, Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының бөлім басшысы:

Біздің қорыққа деген шетелден келетін туристердің қызығушылығы өте көп. Себебі қорық аумағына әрбір адам рұқсат қағазынсыз кіре алмайды. Қорық аумағында туристік алқаптардың барлығы қолдан жасалған емес табиғи. Сол үшін бұл жерде бөгде адам болмағаннан кейін бәрі осы тірі табиғатты көзбен көруге қызығушылық артып, жылдан жылға артып келеді. 

Қорықтағы қызметтің материалдық базасы да жыл сайын жаңарып келеді. Өртке қарсы техника мен арнайы көліктердің қатары да толығуда. 

Қайрды Орсаринов, Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының директоры:

Соңғы 5 жылда Үкімет тарапынан министерство комитет тарапынан бірталай техниканы жаңарттық. Алдық. Көбінесе мынау өртке қарсы техникалар. Енді сол 2023 бастап, бізде 10 шақты техника біздің комитеттен соңғы 2024-2025-2026 лизинг арқылы техника алдық. Екі дана үлкен авто систерна өрт өшіретін. 3 кішкене өртену техникасы на базе жак. Шынжыр таңбанды. Колесный және басқа да техника алдық. Биылғы тексеріс болғанда дайындық 75 пайыз қамтылғанбыз.

Тылсым табиғат жаратқан әдемілікті көздің қарашығындай сақтау Азамат Биахметұлы сынды мамандарға аманат. Ел игілі жолында аянбай тер төгіп жүрген маманның еңбегі өлшеусіз екені анық. 

Салтанат Кеңесбекқызы

Бөлісу