Аймақта «Есіктен есікке» акциясы өтті. «AMANAT» партиясының өкілдері қала тұрғындарына жаңа Конституция жобасы туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат беріліп, негізгі бағыттар жан-жақты түсіндірілді. Ұсынылып отырған өзгерістердің құқықтық және әлеуметтік маңызы, олардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және қоғамның одан әрі дамуы туралы толық ақпарат берілді.

Шараның мақсаты - жаңа Конституция жобасы бойынша ашық диалогты қамтамасыз ету. Оның негізгі ережелерін түсіндіру және ұсынылып отырған өзгерістерді талқылауға азаматтарды кеңінен тарту.

Арайлым Есімбекова, өңірлік коалиция мүшесі:

Қалада орналасқан бірнеше тұрғын үйлердің қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстары мен тарату материалдарын таратылды. Халықтың көңіл күй өте жақсы. Келем деушілердің қарасы қуантты.

Коалиция мүшелері мен еріктілер ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Негізгі басымдық – талқылаудың ашықтығы, ұсынылып отырған өзгерістердің айқындығы және халықты кеңінен ақпараттандыру.

Бибігүл Мұратбекова, волонтер:

Барлық белсенділер болып Конституция саласында үгіт насихат жүргізіп жатырмыз. Әртүрлі бағыттармен штабтың белсенділерімен етене бірлесе отырып жұмыс атқарып жатырмыз.

Аталған шаралар легі өңірде алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Сая Жарасқызы