Облыс орталығында «Theatre Fest» – жастар құқықбұзушылықсыз болашақ үшін атты форум-фестивалі өтті. Шара аясында театрландырылған қойылымдар байқауы ұйымдастырылды. Бастаманы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен облыстық прокуратура ұйымдастырды. Мақсат – «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде жас буынның құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметін қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Қатысушылар өз қойылымдары арқылы буллинг, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жасөспірімдер арасындағы қылмыс сынды қоғамдағы өзекті мәселелерді көтерді. Қазылар алқасы сахналық шеберлікке, тақырыптың ашылуына және тәрбиелік мәніне басымдық берген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты талап – көрерменге ой салу және жастарға бағыт-бағдар беру.
Айдос Әділбеков, Облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры:
Заң мен тәртіп идеалогемасын ілгерілету мақсатында облыс әкімдігі және облыстық прокуратураның бастамасымен «Жастар құқық бұзушылықсыз болашақ үшін» форум фестивалі ұйымдастырылуда. Бұл форум аясында тетрландырылған қойылым және рэп аталымдары бойынша 14-25 жас аралығындағы облыс жастары бақ сынасқан болатын. Яғни театрландырылған қойылым байқауына 33 қатысушы 33 қойылым және рэп бағытында 19 жастарымыз өздерінің туындыларын ақпан айында көрсеткен болатын. Дәл бүгінгі форум аясында жеңімпаздар өз өнерлерін көрсетіп, жүлделі сыйлықтармен марататталатын болады.
Фестиваль аясында тек театрландырылған қойылымдар ғана емес, рэп аталымы бойынша жұмыстар ұсынылды. Жас өнерпаздар заңға құрмет, адалдық пен азаматтық жауапкершілік тақырыптарын заманауи форматта жеткізді. Бұл – құқықтық мәдениетті насихаттаудың жаңа әрі тиімді тәсілідерінің бірі.
Ғаламат Құлбай, сайысқа қатысушы:
Бізде сол құқық бұзушылықтан қарағанда жастарды түзу жолға салатын қойылымғой. Сценарийде бір бұзық топ болады. Оның ішінде басты кейіпкер бар. Сол өзі бір бұзақылық жасап полиция қызметкерлерінің қолына түседі. Жаза тағайындағаннан кейін ол өз қателіктерін түсініп, мойындайды және ол қателіктерді жасамауға уәде береді.
Ақерке Мұратқызы, сайысқа қатысушы:
Біздің жалпы «Game over» атты командамызбен қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі лудомания жайында спектакль арқылы көрсетудеміз. Яғни ақшаның соңынан қуып жете алмайтындығын және сол ақшаның салдарынан отбасынан және жақсындарынан айырылатындығы жайлы баяндаймыз. Ал тақырыбымыздың фишкасы Адамның құны қанша жер деген өзекті тақырыпты алған болатынбыз.
«Theatre Fest» – жастар құқықбұзушылықсыз болашақ үшін форумы жас буынның белсенді азаматтық ұстанымын айқындайтын тың бастамалардың біріне айналды. Театр тілімен өрілген тағылымды қойылымдар заң мен тәртіп қағидатын дәріптеп, көрерменге ой салды.
Нұртас Қайролдаев