Өскеменде кәсіпкерлерді қолдау және бірегей идеяларды жүзеге асыруға бағытталған ауқымды форум өтті. Шараның мақсаты – шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсету, жаңа жобалардың іске асуына ықпал ету. Кәсіпкерлер мен билік арасындағы тиімді диалог алаңын қалыптастыру.
Ауқымды жиын аймақ көлемінде өтті. 1500-ге жуық адам қатысқан шараға республикадан да мамандар арнайы келді. Олардың қатарында кәсіпкерлер, мемлекеттік орган өкілдері және сарапшылар бар. Форумға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов та қатысып, шағын және орта бизнестің өңір экономикасындағы маңызды рөліне ерекше тоқталды.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Бұл Алтай бизнес форумы, кіші бизнеске ғана арналған осындай үлкен іс-шара. Кіші бизнесті қалай қолдаймыз, кіші бизнестің арында қаншама өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған жерлестеріміз бар. Қиыншылықтар бар, бұл бизнесті оқып алғандарды қалай қолдауымыз керек деп осы форумды ұйымдастырып отырмыз.
Форум барысында кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар кеңінен таныстырылды. Солардың бірі – «Ауыл аманаты» бағдарламасы. Бұл жоба ауыл тұрғындары мен кәсіпті енді бастаған азаматтарға тиімді шарттармен несие алуға мүмкіндік береді.
Ақжарқын Ақылқызы, кәсіпкеря:
Біз 2021 жылы 5 млндық грант алдық. Осы ковриктарды алғаш бастадық, ева ковриктартар чехол тігуден бастадық. Кейін 1млн380мың тглік грантты алып, 3д, 5д ковриктарды тігетін екі машинкалар алдық. Біздің жасап жатқанымызға 6 жыл болды, машиналарға ковриктар тігеміз 3д 5д 10д тігеміз, чехолдар, накидкалар тігеміз клиенттердің сұранысы бойынша.
Кәсіпкерлерге қолдау көрсететін негізгі институттардың бірі – Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры. Қор жеңілдетілген несие, субсидиялау және оқыту бағдарламалары арқылы кәсіп иелеріне жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Қазіргі таңда «Іскер аймақ» жобасы аясында тегін онлайн курстар ұйымдастырылып, жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және кәсіп бастау дағдыларын қалыптастыруға басымдық берілуде.
Нұрдәулет Қалибеков