Өскеменде «Friends In Focus» атты семинар-тренинг өтті. Шараның мақсаты-тәжірибе алмасуға және есірткіге қарсы бастамаларды насихаттауды көздейді. Шараға мемлекеттік мекеме өкілдері, сарапшылар және жастар ұйымдарының мүшелері қатысты.
Сала мамандарының айтуынша, алдағы уақытта осы сынды маңызды кездесулер мен қоғамдық шараларды облысқа қарасты қала мен аудандарда өткізу жоспарланған. Жиынға қатысушылар өңірде қолға алынған бастамаларға оң бағасын беріп отыр.
Жандос Ақтаев, ҚР ІІМ есірткі құқықбұзушылықтарының профилактикасы кеңесінің төраға орынбасары:
Жастар арасында тек нашақорлық емес, құқықбұзушыылықтардың алдын-алумен айналысады….тікелей байланысты.
Соңғы екі жыл ішінде облыс бойынша «ESBOL QORY» фронт-офисі тарапынан нашақорлықтың алдын алуға арналған бірнеше маңызды шаралар жүзеге асырылды. 100-ден астам наркограффити жойылып, синтетикалық заттарды тарататын 50-ден астам интернет-ресурс бұғатталды. Белсенділер есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп, колледждер мен жоғары оқу орындарында тұрақты түрде рейдтер мен профилактикалық кездесулер өткізуде.
Ләйлә Төлеубекова, «ESBOL QORY» фронт-офисінің ШҚО бойынша жетекшісі:
Университеттер мен колледждерде студенттермен кездесулер тұрақты түрде ұйымдастырылады. Бұл кездесулер профилактикалық сипатта өтеді. Бұдан бөлек, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және прокуратура өкілдерімен бірлесіп, синтетикалық заттардың қаншалықты зиян екені және олардың жастарға тигізетін кері әсері туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Мұндай бастамалар жастардың қауіпсіздік пен заң мәселелеріне саналы көзқарасын қалыптастыруға оң әсерін бермек. Семинарға қатысушылар тек теориялық білім алып қана қоймай, есірткіге қарсы күрестің заманауи тәсілдерін үйренді. Сонымен қатар, жастар зиянды әдеттердің салдары туралы тереңірек түсініп, салауатты өмір салтын насихаттаудың маңызын ұғынады. Осындай тренингтер олардың азаматтық белсенділігін арттырып, қоғамдағы өз рөлін сезінуге, жауапкершілікті күшейтуге және қауіп-қатерлерге бейжай қарамауға ықпал етеді.
Сая Жарасқызы