Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ұлан ауданындағы Қасым Қайсенов кентінде ауқымды сенбілік өтті. Тазалық шарасына 400-ге жуық азамат қатысты.

Акцияға кент тұрғындары, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, мемлекеттік мекемелер мен ұйым өкілдері белсене атсалысты. Бірлескен еңбектің нәтижесінде көшелер, аулалар мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Баян Ақанова, кент тұрғыны:

Бәріміз шығып, тазалыққа үлес қосып жатырмыз. Ауламыз таза болсын деп. Соған міне бәріміз шығы көп-көрім тазалық жасадық деп ойлаймын. Енді тракторлар келіп қоқысты алып кетсе. Одан кейін Игілік деген баламызды председатель қылып сайладық. Сол келіп балалардың ойнайтын алаңын дәнекерлеп, балаларға құм алып келеді. Осылай тіршілік жасап жатырмыз. Балаларға үлгі болайық деп.

Сенбілікке Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосынов та қатысып, тұрғындардың экологиялық бастамасына қолдау білдірді. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шарада білім беру мекемелері де белсенділік танытты.

Бақытжан Аханова, Ұлан ауданы балалар музыка мектебінің директоры:

Біздің мектебіміз жылда осы Таза Қазақстан акциясына бірлесе қатысамыз. Біздің мектепте жастар көп. Сол жастар осы акцияға үлкен жауапкершілікпен кірісе жұмыс жасайды. Мектебімізде 70 астам жұмыскерлер бар. Бүгінгі акцияға 50 артық мұғалімдеріміз бен қызметкерлеріміз шығып отыр. Өзімізге бекітіліп берген жер бар. Сол аумақты толығымен тазалап қыстан қалған қоқыстарды тазалап, жөндейтін жерлерді жөндеп, қоқысты жоюға өз қол ұшымызды беріп жатырмыз.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Таза Қазақстан» акциясы аудан көлемінде жүйелі түрде өткізіліп келеді. Мұндай шаралар барлық ауылдық округтерді қамтиды.

Нұрлыбек Тлеубеков, Қасым Қайсенов кентінің әкімі:

Әр мемлекеттік мекемеге уаскелер бөлініп берілген. Олар толық тазарту жұмыстарын бітткенен кейін кент әкіміне өзінің істеген жұмыстарын келіп тапсырады. Сонымен қатар біздің продрядчиктеріміз бар солардан техника, кран эксковатр, камаз тартылып отыр.

Мұндай шаралар қоршаған ортаның тазалығын арттырып қана қоймай, тұрғындарды бірлікке үндейді. Себебі, тазалық пен тәртіп – әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады.

Нұртас Қайролдаев