Өскеменде «East Podium – 2026» халықаралық мәдени-сән жобасы өтті. Жобаның биылғы тақырыбы – «Көшпенділер коды». Яғни, қазақ даласының мәдениеті, салт-дәстүрі мен ұлттық эстетикасын заманауи сән үлгілері арқылы жаңаша дәріптеу.
Ұйымдастырушылар мұндай жобалардың аймақтағы шығармашылық ортаның дамуына серпін беріп, мәдени туризмді ілгерілетуге ықпал ететінін айтады. Сонымен қатар, Өскеменнің заманауи мәдени бастамалар орталығы ретіндегі беделін арттыруға мүмкіндік мол.
Айжан Нұрланова, шараны ұйымдастырушы:
Халықаралық сән апталығы өтуде осы сән апталығының атауы Шығыс подиум. Осы маусымның тақырыбы көшпенділер коды. Бүгін бізде 8 дизайнер болдаы және елу ден астам модель қатысады.
Ауқымды шараның мақсаты – жастарды шығармашылық ортаға тарту, өңірдегі креативті индустрияны дамыту және ұлттық мәдени мұраны қазіргі форматта насихаттау. Дизайнерлер ұсынған топтамаларда қазақы ою-өрнек, дәстүрлі пішіндер, табиғи маталар мен дала мәдениетінен шабыт алған ерекше образдар көрініс тапты.
Елена Березинская-Абилова, Өскемен қалалық әйелдер қауымдастығының төрайымы:
Біз бұған дейін модель қыздарды Алматы Астана қаласынан шақыртатынбыз қазір өзіміздің даярлау мектебінен өткен қыздар бүгінгі көрсетілімде де және алдағы уақытта да болатын шығарылымдарда өнер көрсетеді.
Жоба бағдарламасы екі күнге жоспарланған. Алғашқы күні негізгі сән көрсетілімдері ұйымдастырылса, екінші күні дизайнерлердің шоурумы мен стилист, тележүргізуші Алексей Сухарев қатысатын «public talk» өтеді.
Нұрдәулет Қалибеков