Өскеменде Орыс театрының ашылғанына ғасырға жуық уақыт толуына орай салтанатты кеш өтті. Мерейтой сахна төрінде бірнеше буын өнер майталмандарын, режиссерлерді, музыканттарды, театр қызметкерлері мен өнерсүйер қауымды тоғыстырды.
Мерекелік бағдарлама театр фойесінен басталды. Қызыл кілеммен актерлер, режиссерлер, суретшілер, музыканттар және театр цехтарының қызметкерлері жүріп өтті. Кеш барысында сахна ардагерлері мен театрдың дамуына үлес қосқан мамандар таныстырылды. Жүргізушілер театр өнерінің маңызы мен оның өңір мәдениетіндегі орнына ерекше тоқталды. Театр ұжымын мерейтойымен облыс басшысы Нұрымбет Сақтағанов құттықтады.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Елге қызмет ету білімнен емес мінезден, осы мінезді қалыптастыруда театрымыздың орыны ерекше. Сол себепті де біздің 90 жылдық мерейтойына келіп тұрған барлық қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіреміз.
Театр ұжымы мерейтойлық кешті ұйымдастыруға қолдау көрсеткен «Казцинк» компаниясына да алғыс білдірді. Кеш барысында Қазақстанның халық әртісі Лидия Каденова жолдаған бейнеқұттықтау көрсетіліп, еліміздің әр өңіріндегі мәдениет қайраткерлерінің лебіздері оқылды. Сондай-ақ Семейдегі театры ұжымы да әріптестеріне ізгі тілегін жеткізді. Бұдан бөлек, ардагер актерлер мен актрисалар марапатталып, халық қошеметіне бөленді.
Максим Горбанев, ШҚО драма және оперетта театрының әртісі:
Бүгін театрдың мерейтойына орай марапатталдым. Мұндағы еңбек өтілім 32 жыл. Алғашы қызметім сахна машинисі. Одан кейін сахна сыртында бірнеше жұмыс атқардым. Кейін келе шығармашылық топтың құрамына еніп, актер болдым барлығына рақмет.