Облыс орталығында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралған жиын өтті. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен өткен кеңесте білім беру, жазғы туристік маусым және төтенше жағдайлардың алдын алу бағыттары басты назарға алынды. Бұдан бөлек, жиында ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып Әсет Бейсенұлы Сұлтанов тағайындалды.

Биыл өңір бойынша 5 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді. Олардың ішінде 500 жуық оқушы «Алтын белгіге» үміткер. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, түлектердің 84 пайызы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Сонымен қатар, биыл өңір оқушылары халықаралық және республикалық олимпиадаларда 140 медаль жеңіп алған. Жиында емтихан кезіндегі қауіпсіздік шаралары және білім сапасын арттыру мәселелері қаралды. Оқушыларды тасымалдау қауіпсіздігін арттыру үшін мектеп автобустарын жаңарту мәселесі де көтерілді.

Қуат Оқасов, облыстық Білім басқармасының басшысы:

Сонымен қатар, 1 сыныпқа балаларды қабылдауды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 10 маусымнан басталады, 31 тамызға дейін. Биылғы жылы 1 сыныпқа қабылданатын болжамды бала саны – 10 079 оқушыны құрайды. Ал, 2025-2026 жылды 10 127 бала бірінші сыныпты аяқтап, келесі сыныпқа көшіріледі.

Бұдан бөлек, Ішкі істер министрлінің бұйрығына сәйкес оқу жылының аяқталуына байланысты енді салтанатты шараларды білім беру мекемелерінен тыс жерде өткізуге тыйым салынады. Құжатқа сәйкес, аттестат тапсыру рәсімдері 17–18 маусым күндері тек мектеп қабырғасында өтеді. Бұдан былай кештер, шерулер және басқа да салтанатты жиындарды мектептен тыс ұйымдастыруға рұқсат етілмейді. Облыстық білім саласының жауаптыларына бұл талаптар толық жеткізілген. Бұдан бөлек, алдағы оқу жылына дайындық аясында мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа STEM және робототехника кабинеттері ашылады деп жоспарлануда.

Отырыста жазғы туристік маусымға дайындық мәселесі де талқыланды. Өткен жылы облысқа келген туристер саны 4 пайыздан асқан. Биыл да өңірге келетін туристер санының артуы күтілуде. Атап айтқанда, Қатонқарағай ауданында өтетін «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестиваліне шамамен 22 мыңға жуық турист келеді деп жоспарланып отыр. Осыған байланысты облыс әкімінің тарапынан инфрақұрылымды күшейту, қонақтарды орналастыру және қауіпсіз жағдай жасау тапсырылды. Өңірде барлығы 412 туристік орналастыру орны жұмыс істейді.

Ержан Сембинов, облыстық Туризм басқармасының басшысы:

ШҚО туризм саласында оң серпін байқалады. Ресми деректерге сәйкес, турситер 4,4 пайызға өсіп, туристер саны 450 мың адамды құрады. Мәселен, ұялы байланыс операторларының ақпаратына сәйкес Алтай және Катонқарғай аудандарындағы келушілер саны статистикалық көрсеткіштерден 7-8 есеге асады. Орналастыру орындарында көрсеткен қызмет саны – 25 пайызға өсіп, 10 млрд тг жетті.

Фестиваль қарсаңында модульдік кемпингтер орнатылып, арнайы шатыр тігу алаңдары дайындалады. Сонымен қатар, санитарлық талаптарды күшейту және жол бойындағы сервисті жақсарту мәселелері қатаң бақылауға алынбақ. Жазғы маусым қарсаңында облыстағы жағажайлар мен демалыс орындарын ретке келтіру жұмыстары басталған

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Қала, аудан әкімдері ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін жылу көздері, жылу желілеріндегі жөндеуді толық аяқтау қажет. Қазандықтарыдң толық дайындығын қамтамасыз етіңіздер, ұйымдастырыңыздар. Білім, денсаулық сақтау, дайындауы қажет.

Жиын соңында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов барлық жауапты басқармаларға оқу жылының қауіпсіз аяқталуын қамтамасыз ету, жазғы туристік маусымға толық дайындық жүргізу және төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Фатима Тілейханқызы