Биыл Зайсан ауданындағы М.В. Ломоносов атындағы орта мектеп өзінің 150 жылдық мерейтойын тойлауда. Айтулы күнге орай аудан орталығында 45 күн бойы ауқымды шаралар ұйымдастырылып, оған ұстаздар, оқушылар, түлектер мен білім саласының ардагерлері қатысты. Мерейтой аясында пәндік олимпиадалар, спорттық жарыстар, шығармашылық байқаулар мен естелік кездесулер өткізілді.

150 жыл — бұл бір ғана мектептің тарихы емес, мыңдаған адамның тағдыры. Осында алғашқы қоңырау соғылып, білімге бастар алғашқы қадам жасалды, арман қанат жайып, үлкен өмірге жол ашылды. Бір жарым ғасыр бойы М.В. Ломоносов атындағы орта мектеп білім мен тәрбиенің шамшырағын сөндірмей, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді. Бүгінде аталған оқу орынының ұстаздары мен шәкірттері мақтан тұтатын қасиетті мекенге айналды.

Гүлбахария Ыдырышева, Білім саласының ардагері:

1,5 ай көлемінде мектеп ұжымы асқан жауапкершілікпен, ұйымшылдықпен, білімділікпен, біліктілікпен, әртүрлі шараларды өткізді. Шәкірттерін қолыныан жетектеп оқыта жүріп, тәрбиелей жүріп бүгінгі қорытынды күнге асқан шеберліапен ұлағаттылықпен жетті.

Мектептің мерейтойы — тек мерекелік шара ғана емес, ұрпақтар сабақтастығының, ұстаз еңбегіне деген құрметтің және келер ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің айқын белгісіне айналды. Осы айтулы мерейтойға орай арнайы шаралар бағдарламасы әзірленді.

Меруерт Мұратқызы, Зайсан аудандық білім бөлімінің басшысы:

Мерейтой қарсаңында ұйымдастырылған шаралар мектептің мерейін асырып, рның рухани әлеуетін, шығармашылық қуатын асырып, ұстаздармен шәкірттердің бірлігін айқын танытты. Бұл меретой ғана емес ұрпақтар сабақтастығының мектептің рухани байлығын дәріптеген тарихи кезең болды. Мектеп ұжымына зор денсаулық, мектеп ұжымына шығармашылық табыс, ал шәкірттеріне биік белес пен жарқын болашақ тілеймін.

Мерейтой аясындағы маңызды шаралардың бірі – мектеп музейінің ашылуы мен аудандық Мәдениет үйінде өткен гала-концерт болды. Ұстаздық жолда ұзақ жыл еңбек еткен ардагер педагогтер мерейтойлық төсбелгі мен және алғыс хаттармен марапатталды.

Айгүл Сегізбаева, Білім саласының ардагері:

150 жылдық осы білім ошағвының торқалы тойын керемет тамаша 1,5 ай көлеміне созып өткізіп жатыр. Біз бұл үрдіске өте қуанамыз. Өзіміздің артымыздан ерген кейінгі жас толқынның одан әрі де осы білім беру келешек ұрпақты осы Қазақстан елі үшін әзірлеу жолында аянбай еңбек ететін келесі толқындыда дайындай беретініне күмәніміз жоқ.

Бұл мереке мектептің бай тарихына, ұстаздары мен түлектеріне көрсетілген зор құрметтің белгісіне айналды. Сонымен қатар, М.В. Ломоносов атындағы мектептің жас ұрпақты білім мен тәрбиеге баулудағы үздік дәстүрлерді бүгінге дейін сақтап келе жатқанын айқын дәлелдеді.

Нұрдәулет Қалибеков