Облыста аса қауіпті зиянкестерге қарсы 26 мың гектар алқапқа химиялық өңдеу жүргізу жоспарлануда. Бұл туралы штаб отырысында айтылды. Басқосуға ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Саят Сақмолдин қатысты.

Қазіргі таңда үш ауданның шекара маңында тексерулер жүргізілуде. Қажетті мәліметтер мен тиісті нәтижелер алынбақ. Барлық жұмыстар уақтылы және сапалы орындалу үшін штаб құрылып, облыстық деңгейде отырыс өткізілуде.

Берікбол Дюсупов, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ШҚО аумақтық инспекциясының басшысы:

Мына техникаларды көрсетейік деп, алдағы уақытта қалай жүреді соны көрсетіп, отырысты өткізіп жатырмыз. Бүгінгі күні шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстарына көрсетілетін қызметкерлер анықталған.

Қайсар Жүнісов, Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының ШҚОФ басшысы:

Бүгінгі күнімізде өткізіліп жатқан штаб дейді соған қатысып отыр. Аудандық филиалдардың бәрі келіп отыр. Техникаларын көрсетіп, дайындықтарын көрсетіп, өздерімен бірге әкелген материалдар қазба жұмыстары жүргізілген кезде топырағымен щыққан көміршіктер. Мамандардың бәрі жоғары білімді, жұмыстарын істеп жатыр.

Биыл алғаш рет облыс көлемінде шегірткеге қарсы химиялық өңдеу кезінде агродрондарды қолдану жоспарланып отыр. Оларды пайдалану фитосанитарлық мекеме арқылы жүзеге асады. Қазіргі уақытта барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Гүлдана Айдарқызы