Өскеменде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің кезекті әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өтті. Басқосуда мемлекеттік қызметшілер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту мәселелері сөз болды.
Жиын барысында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері үш мәселені жан – жақты қарады. Оның екеуі профилактикалық, ал біреуі тәртіптік. Ең әуелі жиналғандар орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының әдеп жөніндегі уәкілінің баяндамасын тыңдады. Мұнда 2025 және 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы ақпарат берілді.
Ержан Айқымбеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы:
Екіншіден Өскемен қаласының құрылыс бөлімінің басшысына қатысты тәртіптік іс қаралды. Мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзуына сәйкес және ШҚО Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша талдаудың нәтижесі тыңдалды.
Ашық дауыс беру нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері қаралған барлық мәселер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.
Гүлдана Айдарқызы